Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


САДАҚАМЕН БАЙЫҒАН САХАБА! (Өте əсерлі оқиға)

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
САДАҚАМЕН БАЙЫҒАН САХАБА! (Өте əсерлі оқиға)

Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба Абуррахман ибн Ауфтың (оған Алла разы болсын) есімі аталғанда оның есепсіз байлығы мен Алла жолында жұмсаған садақалары еріксіз еске түседі. Аса маңызды іс қолға алынарда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына керек-жарақтар үшін садақа беруді тапсырады.

Және қайтарым сыйын Алла Тағаланың беретіндігін айтады. Сонда алғашқылардың бірі болып Абдуррахман ибн Ауф үйіне жүгіріп кетеді де, 200 унция көлемінде алтын әкеледі. Мұны көрген Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын): «Уа, Алла Елшісі, Абдуррахманның жасағаны - күнә. Ол өзінің жақындарына ештеңе қалдырмады» дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Абдуррахман, сен өз отбасыңа бір нәрсе қалдырдың ба?» деп сұрайды. Ол: «Иә... Мен өз жұмсағанымнан әлдеқайда көп әрі артығын қалдырдым» деп жауап береді. «Сонда ол қанша?» деп сұралғанда: «Алла мен Оның Елшісі уәде берген ризық, жақсылық және сауап» деп жауап берген екен. Тағы бірде халықтың керек-жарағына қаражат керек болғанда Абдуррахман ибн Ауф үйіндегі ақшасын әкеліп: «Уа, Алла Елшісі, менде төрт мың бар, оның екі мыңын Жаратушы Иеме қарызға бердім, екі мыңын балаларыма қалдырдым» дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла бергеніңе де береке берсін, бермегеніңе де береке берсін» деп дұға жасайды. Осыдан кейін ол аз уақыттың ішінде ең бай мұсылмандардың қатарына енеді. Байығаны соншалықты, жеті жүз түйені жүгімен қоса Алла жолында жұмсайтын дәрежеге жетеді, керуендері ең сапалы тауарларды тасымалдап, үнемі табыспен оралатын болады. Мұншалықты берекеге таңғалған Абдуррахман: «Қандайда бір тасты көтерсем, астынан алтын мен күміс шығатын секілді еді» деп баяндайды. Алайда, осыншалықты көп байлық оны ешқашан құлшылықтан тосқан емес, ол осы байлық үшін есепті ойлағанда көз жасын тыя алмай, құлшылығын арттыра беретін. Бір күні Мединеге 700 жүк артылған жануары бар керуен кіреді. Күллі қалада ел көшкендей дауыстар естіледі. Аиша анамыз (оған Алла разы болсын) мұның мәнін сұрағанда: «Абдуррахман ибн Ауфтың керуені ғой» деген жауапты естиді. Сонда мұсылмандардың анасы: «Мен Алла Елшісінен Абдуррахманның тізерлеп Жәннатқа кіреді дегенді естідім» деген екен. Бұл хабар Абдуррахман ибн Ауфқа жеткенде, дереу Аишаның алдына келіп, нақтылайды да: «Алланың атымен ант етейін, Жәннатқа тізерлеп емес, түрегеп кіруім үшін мына керуенді толықтай Алла жолында жұмсаймын» деген екен. Ол осыдан кейін есепсіз садақаны әдеттегіден де көп жасайды. Ал Аиша анамыз оны еске алғанда: «Алла Тағала оны Сәлсәбилмен сусындандырсын» деп дұға жасайды екен. (Абд-әр-Рахман Рафат әл-Баша).

 

 

   

 

 

Жоғарыға