Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Отбасы бақытына апаратын отыз жол: 5 - Некенің қиылуы

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Отбасы бақытына апаратын отыз жол: 5 - Некенің қиылуы

Екі жастың некесі мешітте қиылған соң, бұл рәсімге қатысушылар ерлі-зайыптыларға Алланың елшісі (ﷺ) үйретіп кеткен шырайлы дұғамен тілектерін білдіреді.

Неке қиялған соң екі жасқа оқылатын дұғаның арабша мәтіні:

بارك الله لكما و بارك عليكما وجمع بينكما فى خير

«Ба ракАллау ләкума уа ба рака алайкума уа жамаға байнакума фи хайр».

Қазақша мағынасы: «Алла екеуіңе береке берсін және үстеріңе де береке төксін, әрі араларыңды жақсылықта қоссын!»[1]. Бұл дұға ерлі-зайыптылардың тұрақты да бақытты өмір сүрулеріне жеткізетін маңызды себептердің бірі. Шынайы тілек Алла Тағаладан ғана тіленеді. Сондай-ақ кез-келген игі істің сәттілігі дұғаға тәуелді болады. Ал енді шараппен, ойын-күлкімен және Алла Тағаланың аты аталмаған, бірақ өздеріне лайықты көрінген тілектермен басталған неке шынайы бақытқа апарады деу қиынға соғады.

Дайындаған: Берік Үйсінбаев
muftyat.kz

Жоғарыға