Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


ЖАМАНДЫҚТАН ТЫЮ ДА - бір ПАРЫЗ

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
ЖАМАНДЫҚТАН ТЫЮ ДА - бір ПАРЫЗ

Құрметті оқырман! Жалпы жас-үлкені қолданатын кез-келген əлеуметтік желілерден жағымсыз, анайы жарнама немесе адамды азғындыққа, алауыздыққа шақыратын ақпараттар болса, өшіре жүруді əдет етсеңіздер нұр үстіне нұр!

Алла тағала былай бұйырады: «...Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты», («Маъида» сүресі, 2-аят) – деп қатаң ескертеді.

 

ҚОЛЫҢМЕН ТҮЗЕТ, ТІЛІҢМЕН ТҮСІНДІР!

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю əрбір мұсылманның бір парызы екенін ескере жүрейік. Яғни, жамандық күнəға апаратын жол екенін есіңізде ұстап, оған қарсы күрес жасау қандай сауап?! Хадисте: «Қайсыбіреуің Алла риза болмайтын бір іс-әрекет көріп қалсаң, оны қолыңмен түзет. Егер бұл оған әсер етпесе, онда тіліңмен бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсіндір. Егер кімде-кім қолымен немесе тілімен ештеңе істей алмаса, онда ол іштей бұл әрекетті мақұлдамасын. Имандылардың ең әлсіз ісі – осы»,– деп айтқан.

 

МҰНЫҢ НƏТИЖЕСІ НЕ БОЛМАҚ?!

Аят пен хадиске амал етіп, жаманшылықтың жолын кесуге жұмыс жасаудың пайдасы көп. Əуелі адам өзінің адамгершілігін сақтайды. Қоғамға пайдалы болады. Жақсы адам деген сипатыңыз сақталады. Тəніңіз бен жаныңыз жаманшылықтан алыс болады, жақсы істер иманды сақтап қалады. Ішкі дүниеңіз əр күні жоғы бір жақсылық жасасам деп тұрады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдалы болғандар. Адамдардың ең жаманы – адамдарға зиянды болғандары», – деп ескерткен.
Дайындаған Қайырбек Отызбаев,
Дінтанушы

Жоғарыға