Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Неге адамдар әртүрлі болып жаралған?

Адамның жаралу мақсатын білмей, бұл әлемде болып жатқан барлық дүниелердің себебін түсіну мүмкін емес. Алла Тағала адамдарды құлшылық етуге жаратса, ал басқа жаратылыстың барлығы адам үшін жаралған. 

Толығырақ ...

100 отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді

Қазан қамқорлық айына орай, «Иманғали» орталық мешіті әлеуметтік жағынан аз қамтылған жүз отбасына азық-түлік пакеттерін таратты.

Мүгедек жандар, көп балалы, жетім, жартылай жетім және аз қамтылған отбасы категориялары толықтай қамтылған акция кезінде бір отбасына жалпы салмағы 25 келі болатын азық-түлік үлестірілді. Әр пакет күріш, астық, күнбағыс майы сынды әлеуметтік маңызы бар тағамдамен толықтырылған. Қайырымдылық акциясы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Айта кетелік, қайырымдылық ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қасиетті Құран Кәрімде «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар)  деген жолдар бар.

Сондай ақ, Құран Кәрімде Алла Тағала (Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар) дейді.

Ендеше, жүректерге жылулық сыйлайтын қайырымдылыққа асық болғанымыз абзал.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.


Толығырақ ...

Мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті

Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында аяқ доптан жарыс өтті. Спорттық ойынға Атырау қаласына қарасты барлық бес мешіт толықтай қатысты.

Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Балықшы ықшамауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында Атырау селолық округі мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарды.

Екінші орын «Иманғали» орталық мешітіне бұйырды. «Әт-Тақуа» мешіті үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. «Жұлдыз» елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт пен «Мәулімберген» мешіті атынан құралған командаларға да алғыс айтылды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу