Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Садақадан сауап мол

Жақында Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылы «Кең - Өзек» селолық округі тұрғындары бас амандық үшін Алла жолында нәпіл садақа берді. Шараға «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов бастаған мешіт ұжымы, округ әкімі Сәден Лұқпанов, қалалық мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары жалпы үш жүзге тарта адам қатынасты.

Дастархан үстінде мешіт имамы Мақсаот Бағытжанов, Құран аяттарын оқып, уағыз айтып, елді береке-бірлікке шақырды. Сондай-ақ ауыл әкімі Сәден Сәкенұлы, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелер ізгі тілектерін арнап, зор ризашылықпен тарқасты.  

           Ислам - ең ізгі, ең бейбіт, ең тура дін. Адамзат баласын қараңғылықтан алып шыққан ардақты пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қасиетті Құран мен хадис- терінде адамзат баласын Алла Тағалаға бойұсынуға, надандық істерден бас тартуға, құлшылық-ғибадат жасауға және қайырымдылық секілді ізгі амалдармен айналысуды насихаттайды.

 Қазақ халқы да ежелден «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» іргелі елміз. Ата-бабаларымыз ислам шариғаты мен салт-дәстүрді үйлестіріп, ұрпағын ұлы мұраттар жолына ұйытқан. Қайырымдылық - қазақтың қанында бар қасиет. Қолындағы барымен бөлісіп, садақа беріп, Ұлы Рахманнан еселеп сауап күткен.

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

«Рухани келісім» күні "Иманғали" мешітінің ақсақалдар кеңесі марапатталды

18 қазан — «Рухани келісім» күніне орай, Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде салтанатты шара болып өтті. Облыстағы барлық діни конфессия өкілдері, этно-мәдени ұйымдар қатысқан шарада жұртшылықты аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтады.
«Бұл жағдайға алдыңғы буын ағалар куә, жастарымыз мұрағат құжаттарынан білуі тиіс. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін, көптеген сарапшы мамандар «Қазақстанның болашағы жоқ» деген ұйғарым жасаған болатын. Себебі, еліміз түрлі ұлт өкілдерінен құралды және олардың әрқайсының діни ұстанымы әр түрлі еді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, бірлігі бекем, тірлігі мықты, болашағына сенген мемлекеттің біріне айналдық. Рас, сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде діни факторды пайдаланып, ел ішіне іріткі салғысы келгендер болды. Бірақ, халқымыз бірлігінен айнымады»,-деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, әлемдегі дәстүрлі діндердің барлығы да адамзат атаулыны бейбітшілікке үндейтінін атап өтті. Ресми құттықтау салтанатты марапатқа ұласты. Діни, рухани тұтастық саясатын қалыптастыруға атсалысқандары үшін, аймақ әкімінің алғыс хатымен облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Шильман, орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Қайрош Қуанов, Ғизат Сүйінғалиев, Римдік – Католиктік Атырау апостол Әкімшілігі Апостол әкімшісі Бурас Дариуш, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев және бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Толығырақ ...

«Рухани келісім» күнін мешіт жамағаты футбол алаңында біріктірді

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде бірнеше жылдан бері атап өтіліп келе жатқан 18 – қазан, «Рухани келісім» күніне орай, Атырау қаласына қарасты Геолог елдімекенінде орналасқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінде мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өтті.

Кіші аяқ доп бойынша ұйымдастырылған жарысқа Атырау қаласына қарасты барлық мешіттердің жамағатынан құралған командалар белсене қатысты.

Тартысты өткен бәсекеде Атырау селолық мешіті топ жарды. Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт пен «Иманғали» орталық мешіті командалары екінші және үшінші орынды өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар медальдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шараны Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырды. Айта кетелік, күнтізбемізге «Рухани келісім» күнінің мереке ретінде енуі – қазақ топырағында бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу