Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дінаралық келісім – ел дамуының кепілі

Дін –рухани өмірдің негізі, қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім салтанат құрды.

Иә, тәуелсіздік жылдарында дінге бетбұрушылар қатары едәуір көбейді. Мұның өзі егемен мемлекетіміздің бұл күрделі мәселеге үлкен маңыз беріп отырғанының жарқын көрінісі деп білеміз. Біздің еліміз сияқты көпұлтты қоғамда діннің әр түрлі ұлттардан құралған халықтың бірлігі мен татулығын сақтауда ерекше рөл атқаратынын, оның адамдарды мейірімділікке, ізгілікке баулитын имандылық мәнін ешкім де жоққа шығара алмайды.

«Дін –дүние діңгегі, дін –өркениеттің түп қазығы» деген даналық ойларды зерделесек, адамзат өмір сүрген қай заман, қай қоғамда болсын сол қоғамның даму тарихы діннің тарихымен байланысты. Елеулі оқиғалардың қай-қайсысында да діннің ықпалы бар. Біздің еліміз көп діннің, көп ұлттың басын біріктірген. Ұлттар арасында келісім мен ынтымақ, конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің арқасында елімізде, облысымызда діни, саяси ахуал тұрақты. Республикамызда өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға, өз діндерін ұстауға барлық жағдай жасалған.Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта-ниеті, асыл армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі. Сол себепті бабаларымыздың: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздің астарында ауызбірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда-ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан ғой. 

Жалпы Атырау облысының оңалту жұмыстарына тоқталып өтсек, «Шапағат» орталығы Қоғамдық қорының теолог-дінтанушы, психолог мамандарының көмегімен Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер арасында діни-идеологиялық жұмыс қарқынды жүруде. Бекітілген жоспар негізінде УГ157/9 ерлер түзету мекемесінде «Терроризм» бабы бойынша 41 сотталушыға, УГ157/1 тергеу изоляторындағы 12 тергелушілерге, УГ157/11 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеуші 5 намазхан әйелдерге аптасына 2 рет дәріс жүргізіліп, жеке кездесулер өткізілуде. Сонымен қоса, биылғы жылы ерлер және әйелдер түзету мекемесінде өткізілген дәрістер мен жеке кездесулерден бөлек, 310 жазасын өтеушілердің қатысуымен 4 іс-шара өткізілді.

Әрине теріс діни ағымдардың уағызына уланған жазасын өтеушілердің дәстүрлі діни бағытқа келуі біраз уақытты қажет етеді. Алайда, атқарылған жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Қазіргі таңда 23 тұлға дәстүрлі діни бағытқа қарай бет бұрғандығы байқалады.

Атап айтсақ, ерлер түзету мекемесінде 20 жазасын өтеуші азамат, тергеу изоляторында 2 тергелуші, әйелдер түзету мекемесінде 1 сотталған әйел дәстүрлі діни көзқарасқа қайтып отыр.Сондай-ақ, терроризм бабы бойынша сотталған ер азаматтардың әйелдерімен жұмыс тұрақты бақылауда.32 әйелдердің ішінде 8 адам дәстүрлі бағытқа бет бұрды

         Бұны атап отырған себебіміз, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын алға тарту Елбасының саясатының бірден-бір мақсаты екендігін ескерген жөн.

       Еліміздің әрбір азаматы өзінің діни нанымы мен көзқарасына қарамастан, алдымен тәуелсіз Қазақстан азаматы, өз Отанының патриоты екенін ұмытпауы қажет. Бірлік, достық, татулық болса, еліміздің биік тұғырдан көрініп, тарих сахнасынан өз орнын табары сөзсіз. Жалпы діндердің тек қана бірлікке, тыныштыққа мейірімділікке шақыратыны хақ.

Ендеше еліміздің ертеңі жарқын, алар асуымыздың да биік екеніне нық сеніммен қарайық.

 

Жаннат Жұмағалиева

«Шапағат» орталығы ҚҚ-ның

баспасөз қызметшісі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу