Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жамағат қатары жастармен толығуда

 

Атырау қалалық «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешітінің сауат ашу дәрісіне қатысушы ер азамат шәкірттер арасында түрлі деңгейдегі білім сайыстары өтіп тұрады.

Соның бірі Алла елшісі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянынан сыр шертетін жарыс сабақтары. Осындай игі шаралар ислам дініне қызығушылық танытқан иманды жастар қатарының көбеюіне ықпал етіп отыр.

 Ғибадат үйіне келуші жастарды, жалпы, жамағатты бірлікке ұйытуда мешітіміздің ұстаздарымен бірге, кезекші молдалардың да ерекше үлес қосып отырғандығын атап өту парыз.  

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов»  мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу