Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыойда «Адамзаттың асылы» атты рухани шара өтті

Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы» тақырыбында Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Рухани шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, Құлсары қаласы әкімі Шәкір Кейкін, қажылар қауымдастығы өкілдері, мешіт имамдары мен жамағаттары қатысты. Әуелі Жылыой орталық мешітінде жалғама құрылыстың ашылу рәсімі өтті. Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынған бұл нысанның мешіттің сыйымдылығын едәуір арттырғанын атап өткеніміз жөн.

Одан әрі «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің дәмханасында мәуліт рухани танымдық кеші өтті. Жиылған жамағатқа Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) адамзатқа құтқарушы болып келуіндегі хикмет пен өмір тарихын баяндайтын «Пайғамбарға сағыныш» атты бейнебаян көрсетілді. Кейін сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірді.

Жылыой орталық мешітінің
баспасөз қызметі



Толығырақ ...