Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Артық Жұмабекұлы - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы

Бүгін Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте кадрлық өзгерістер болды. Бұған дейін орталық «Иманғали» мешітінде қызмет етіп келген  Абдираманов Артық Жұмабекұлы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы болып тағайындалды.

Мешіт ұжымына жаңа басшыны орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды. Ал, бұған дейін аталмыш мешітке басшылық жасаған Нартай Сүндетов имам өз өтінішімен қызметтен босатылды. 

Айта кетелік, Артық Жұмабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында бір жылдық дайындық курсынан өткен.  2009-2012 жылдар аралығында  Түркия еліндегі Стамбул қаласында «Хасеки» Ислами білімдер оқыту орталығына исламтанушы мамандығы бойынша білім алған.  Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білімін жетілдіріп, дінтану мамандығының магистранты атанды.

Еңбек жолынБатыс Қазақстан облысына қарасты Орал медресесінде директор орынбасары қызметінен бастады. Әр жылдары  Астана медресесінде, Нұр Астана орталық мешітінің сауат ашу курсы Ислам орталығында ұстаздық қызмет атқарды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу