Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VI съезі аясында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашты қабылдады.

Толығырақ ...

Намаз қалай қабыл болады?

Күні кеше намазханға құрметпен қарайтын болса, бүгінде оларға үрке қарайтын болды. Оның себебі, намазда емес екені бесенеден белгілі. Мәселен, намаз оқитын адамның өзінде боп тұр. Өйткені, олардың бойынан намаз оң пайдасы мүлде байқалмайды.

Толығырақ ...

ҰЛТТЫҚ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРСАҚ, ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНЕ ЖҰТЫЛМАЙМЫЗ

Бабалар жолы адастырмайды. Алайда бүгінгі буынның өзгенің қаңсығына таңсық болуы қанымызды бұзып, келбетімізді өзгертіп жатқанын жасыра алмаймыз. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатсақ қанекей, ұлттық болмысымызға тән ұлағаттан алшақтай түскен ұрпақты тезге салып, жөнге қояр бір амалды қарастыратын кез келген секілді. Рас, Рухани жаңғыру бағытында қыруар шаруа атқарылды. Алайда, біткен іске масайрамай, игі жұмысты ілгерілете берген абзал. Осы орайда дінтанушы ғалым, наиб мүфти Алау Әділбаевпен сұхбатымыз да жоғарыдағы тақырып төңірегінде өрбіді.

Толығырақ ...

Жұма уағызы: ТӘНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ

Барлық мақтау мен мадақ бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға ғана лайық. Алланың ардақты Елшісі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке Оның отбасы мен сахабаларына салауат-сәлемдер болсын.

Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі денсаулық.

Толығырақ ...

ОМАРДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Бірде әділетті халифа Омар ибн әл-Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның:

«Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә, Алла, мені сол "аздардың" қатырынан қыла гөр!»,-деп дұға тілеп отырғанын құлағы шалып қалады. Әлгі адамның жанына келіп:

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу