Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қазақ жастары неге жат ағым жетегіне еріп кетуде?

Әр елдің болашағы жастар екені мәлім. Бірақ өкініштісі сол жастарымыздың дәстүрлі емес жат ағымның құрбаны болып жүргендері қабырғамызды қайыстырады.

Жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуіне бірнеше себептер бар. Біріншіден, дінге жаңадан бет бұрып келе жатқан жас буынның білімсіздігін пайдалану арқылы Исламның дұшпандары Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін бұрмалап, өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін елдің ауыз-біршілігін бұзып, салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үзіпжастарымызды қол шоқпарына айналдыруда.

Екіншіден, қазіргі заманда жастарымыздың интернет желісін жиі қолданатынын ескере отырып, әлеуметтік желілер арқылы жас буынның санасын улауда. Үшіншіден, террорлық және деструктивті ұйымдардың жастарға бұрмаланған кітаптарын, Ислам дұшпандары көсемдерінің аудио және видео таспаларын тарату арқылы өздерін «тура жолдамыз» деп, өздерінің наным-сенімдеріне келіспегендерді «адасқанға» шығарып мешіт имамдарының, ұстаздарының айтқан уағыз-насихаттарына құлақ аспауын  жастардың санасына құюда.

Қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетуін алдын-алу жолдары: бейресми діни білім беру орындарына көңіл бөлу, және бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарында діни негіздердің түп-нұсқасын дұрыс түсіндіру, дін қағидаларын білікті, білімді дін мамандары арқылы жеткізу, халықтың діни сауатын ашатын оқу орындарын көбейту, елімізде тез тарайтын ақпараттардың бірі - әлеуметтік желілерді бақылауға алу. Бұл шараға тек қана дін қызметкері ғана емес, еліміздің әрбір азаматы ат салысуы қажет. Сонда ғана бейбіт еліміздің тыныштығы сақталып, қазақ даласы өркениетті, бірлігі берік, шаңырағы биік ел болады.

 

Мұрат Мұстафаев,

"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу