Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қосшағыл мешітінің 20 жылдығына орай Құран жарысы өтті

Жылыой ауданы Қосшағыл елді мекеніндегі «Қосшағыл» ауылдық мешітінің іргетасы қаланғанына 20 жыл толуына орай, аудан көлемінде Құран оқудан «Құран жарыс» сайысы өтті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. Бұл туралы Алла Елшісі (с.ғ.с) «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оныңәулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады» деген.

Жарыс барысында қатысушылар қасиетті Құранның Дұха сүресімен Нас сүрелері арасындағы сүрелерді жатқа оқудан бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста бірінші орын Қадыр Үмбетке, екінші орын Аманқос Амантурлинге, үшінші орын Алпысбай Нұрланұлына бұйырды.

Бірінші орынды жеңіп алған Қадыр Үмбетке 100 000 теңге қаржылай сыйлық берілді. Екінші орыниегеріне 60 000 теңге, ал үшінші орын иегеріне 30 000 теңге берілді. Ерекше атап өтерлігі, жарысқа алты жастағы шәкір те қатысты. Ынталандыру мақсатында жарысқа қатысқан ең жас шәкіртке ұялы телефон сыйға берілді.

 

 

 

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Жастар жамағаты сенбілік ұйымдастырды

Жылыой аудандық орталық мешітінде сенбі күні мешіт ұжымы және жастар жамағатының қатысуымен сенбілік өтті.

Сенбілік кезінде мешіттің ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштардың түбіндегі жапырақтар жиналды. Және ағаштардың түбі әктелді.

 Дініміз Ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):  «Алла  жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын да жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!»  деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді»  деген.

 Бұл өткізілген шара тазалық жұмысы болуымен қатар, мешіт  жамағаттарының ауызбіршілігінің де айқын көрінісі болды.

 

 

 

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу