Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дінге қызмет қыл!

Орталық "Иманғали" мешітінің ұстаздары Атырау қаласына қарасты Жұлдыз  елдімекенінде орналасқан  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жастар жамағатымен кездесті.

         "Иман жастары" еріктілерінің және жұлдыздық жастар жамағатының белсенді қатысуымен өткен кездесуде ұстаз Еламан Бегалиев жастардың ауызбіршілігі, дінге қызмет қылу тақырыбында уағыз айтты.

         Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) және сахабалар өмірінен тағылымды үзінділер келтірілген кеш соңы сұрақ-жауапқа ұласты. "Асылында, уақыттың шынайы бағасын білу де сергек әрі белсенді болумен байланысты. Біз ұзақ уақыт бойы уақыттың өзінің де бағалы екенін аңғармадық. Негізінде ол ұтымды пайдаланған жағдайда жұмаққа қол жеткізуге болатындай теңдессіз қазына. Иә, тиімді пайдалана білген жағдайда аз ғана уақыт шексіздікке ашылады әрі онымен мәңгілік бақыт табуға болады. Осы тұрғыдан уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ізгі істерге толтырып, белсенділік таныту дінге қызмет ету үшін өте маңызды негіз. Біз әр уақытымызды игілікке, ізгілікті іске арнауды әдетке айналдыруымыз керек" деп атап өтті ұстаз Еламан Бегалиев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Неке алдындағы жауапкершілік қандай?

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз  елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте айлық отырыс өтті.

         Отырыс барысында Жұлдыз елдімекенінің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы неке құру, отбасы алдындағы әйел мен ердің жауапкершілігі туралы уағыз-насихат айтты. "Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадис-шарифтерінің бірінде "Үйленіңдер, көбейіңдер! Қияметте сендердің көптіктеріңмен мақтанамын" деген сөзі бар. Некелесу ерге де, әйелге де белгілі бір жауапкершіліктерді жүктейді. Ер адам – отбасының асыраушысы, ол әйелі мен баласын материалдық және рухани тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті болса, әйелдің міндеті – күйеуіне бағыну, өзін күнәлі істерден сақтау, ерінің тапқанына иелік ету. Мұсылман отбасында ерлі-зайыптылардың міндеттері мен орны ертеден белгіленіп, діни және ұлттық салт-дәстүрмен бекітілгендіктен, олардың отбасы баянды бола алды" деп атап өтті ұстаз Ардақ Жұмабекұлы.

         Елуге жуық жамағат қатысқан отырыс соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу