Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар арасында жарияланған бәйгенің бірінші кезеңі өтті

Бұған дейін хабарланғанындай, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров жастар арасында бәйге жариялаған болатын.

Осыған байланысты, шәкірттер орталық «Иманғали» мешітінде «Иман негіздері» кітабы бойынша алғашқы кезеңнің сынағын тапсырды. «Құранда неше пайғамбар келген?», «Пайғамбарлардың сипаттары қандай?» деген сынды бірқатар сауалдарға жауап берген жастар кітап негізінде алған ілімдерін сарапқа салды.

Барлығы 34 жас қатысқан сынақ кезінде 19 шәкірт 40 – 60 аралығында балл жинап, сайыс кезеңінің екінші айналымына жолдама алды.

Шараға орталық «Иманғали» мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев, аталмыш мешіттің наиб имамдары Ерболат Боханов, Еламан Бегалиев, Мақсат Алпысбаев қазылық етіп, жастардан сынақ алды.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу