Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

25 шәкірт жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында елімізде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің үлгісі қабылданғаны белгілі.

 Осыған орай, елімізде жалпыхалықтық диктант өтіп, бір ғана Атырау облысы бойынша бір мезетте 80 мың адам латын қарпінде диктант жазып шықты.

Тарихи сәт деп бағалауға болатын осынау жалпыхалықтық іске орталық «Иманғали» мешіті тікелей атсалысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау өкілдігі бойынша жетекшісі Мұрат Мұстафаевтың бастамасымен шәкірттер диктант жазды. Жалпыхалықтық шараға 25 шәкірт қатысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...

Қосшағыл ауыл мешітіне 20 жыл

Атырау облысы,  Жылыой ауданы, Қосшағыл елді мекеніндегі «Қосшағыл»  мешітінің  20 жылдық мерей тойы атап өтілді. Оған ауыл тұрғындарымен бірге облыс, аудан, еліміздің түкпір түкпірінен келген қонақтар қатысты. Бұл мешіт үйінің құрылысы 1995 жылы басталып, 1998 жылы 30 қазанда ашылған. Мешіт үйін салуды мақсат еткен ауыл тұрғыны Теңел қажы Айдарбекұлы өз қаржысымен бастаған.  Міне осы имандылық ордасының 20 жылдық асына іс-шаралар ұйымдастырылды. ҚМДБ- ның Атырау облысының өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы игі мерекеге өз құттықтау сөзінде осындай мешіт салып, елдің игілігіне берген азаматтарға өз ризашылығын білдірді.

 

-Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.Мешітке келген жамағат – Алланың қонағы. Олай болса, ме­шіт­теріміздің мұсылман жамағатқа толуы еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болып табылатынын ескере жүргеніміз абзал,-деп әсерлі уағызын айтты. 

Жыл сайын Ислам дініне бет қойған жұршылықтың қатары көбеюіне байланысты,  намазхана бөлмелері кеңейтіліп, 120 кісілік ас үйі тұрғызылды. Облысқа белгілі кәсіпкер Төкен қажы Танаұлымен Атырау облысының өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы осы жаңа ас үйдің лентасын қиды. Мерекеге орай құран жарысы, ұлттық ойындар, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараға арнайы келген ақын Жәкен Омаров пен Сырымбек Сәрсенбаевтың айтысын көрермен қызыға тамашалады. Кеш соңында ауыл тұрғындарымен келген қонақтарға ас беріліп, Құран бағышталды. Жамағат Алла үйінің ісіне береке тілеп, игі ниетпен тарқасты.

 

 

Жылыой аудандық Мұсылмандар

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу