Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Құрманғазы ауданында іс-сапарда

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы жергілікті колледж жастарымен кездесті.

Құрманғазы агро-техникалық колледжінде өткен кездесуде өкіл имам діни және дүниелік білім алудың маңыздылығы, қоғам тұрақтылығын сақтаудағы жастардың ролі туралы уағыз-насихат айтты.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Жалпы Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі» деген өкіл имам Батыржан қажы Мансұров қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақыратындығын атап өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу