Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Төрт шәкірт ілім сайысының үшінші айналымына өтті

Бұған дейін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың жастар жамағаты арасында ілім бәйгесін жариялағанын хабарлаған болатынбыз. Жақында бұған дейінгі іріктеу кезеңінен өткен он тоғыз жас екінші турдан өту үшін сынақ тапсырды.
Ілім сайысының қорытындысы бойынша, Серболат Байжанов, Шахзод Досанов, Берік Мадияров және Әділжан Қаламғалиев үшінші кезеңге өтті. Фиқһ кітабы бойынша тест тапсырған шәкірттер енді үшінші айналымда Құран кітабы негізінде сынақ тапсырып, ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беретін болады.
Айта кетелік, ілім сайысының қорытындысымен жеңімпаздарға арнайы сыйлық табыс етіледі.

Толығырақ ...

Өкіл имам мешіт әдебін үйретті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Жылыой ауданына келген іс-сапар барысында жамағатпен жүздесті.
"Жылыой м
ұсылмандар" орталық мешітінде Құптан намазы алдында "Мешіт әдебі" тақырыбында уағыз айтты.
"Мешітте намазды к
үтіп отыру абзал істерден. Оның абзалдығын Пайғамбардың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисінен көре аламыз: "...Кімде-кім мешітке кірсе және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендердің біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған: "Ия, Алла! Оны рахметіңе бөле, Ия Алла! Оны кешіріп, жарылқа. Ия Алла! Оның тәубесін қабыл ет" деп тілейді" деген өкіл имам мешіттіңқұлшылық жасалатын қасиетті орын екендігін атап өтті.
Кездесу со
ңында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы елдің тыныштығы мен ауызбіршілігі үшін дұға жасады.

Жылыой аудандық "Жылыой мұсылмандар"
мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау облысының Бас имамы Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау  облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.

         Сапар аясында жергілікті орталық мешіттің жұмыс жағдайымен танысып, бірқатар тапсырмалар берген Бас имам Батыржан қажы Берденұлы жергілікті жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.

         "Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Баланы кез – келген пішінге салуға болады. Сәби құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан, бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" дегендей, адамзат тіршілігі мен ұрпақ жалғастығында да баланың рөлі сондай. Бала Алланың адамға берген аманаты" деп атап өтті Бас имам исламдағы бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары хақында жүргізген уағыз кезінде.

          Одан әрі Бас имам Доссор кентіне жол тартты. Доссор ауылындағы Сәтен Шәмек мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесті.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Бас имам Батыржан қажы Мансұров "Ислам және отбасы" тақырыбында кездесу өткізді

Өндірістік аймақ - Мақат кентіне жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жергілікті Мақат жұртшылығымен кең форматта кездесу өткізді.

         "Ислам және отбасы" тақырыбына арналған кездесу жергілікті Мақат мәдениет үйінде өтті. Салиқалы сұхбат жүргізілген жиынға зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаттары және жастар қатысты.

         "Ислам дінінде отбасының маңызы ерекше. Жанұяда әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр келмейді" деген  Бас имам Батыржан қажы Берденұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ислам және отбасы" жылы аясында атқарып жатқан жұмыстары, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы кеңінен мәлімет берді.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Құран Кәрім хикметі немесе иғжаз сыры

Құран Кәрім хикметі немесе иғжаз сыры

«Иғжаз» сөзінің мағынасы бір кісіні шарасыз қалдыру, біртіндеп ашу деген мағынаны білдіреді. Оның терминологиялық мағынасы да жоқ емес. Құран Кәрімнің ұлық пайғамбарымызға (с.ғ.с) түскендіктен, тілдік-шешендік жағынан болсын, шариғат жағынан болсын, яки ғайыптан хабар беру жағынан болсын, оның екінші бір ұқсасын келтіруден бүкіл адамдардың шарасыз, әлсіз екендігін білдіреді.

Алла Тағала адамзатқа түсірген соңғы кітабын ең көркем түрде араб тілінде түсіруді мақсат еткендіктен, бұл тілде сөйлейтін адамдарға Құран түспей тұрып, қаншама ғасырлар бұрын сөйлесудің көркемдігін, сөздің көркемдігін және әдебиет көркемдігін бағыштаған. Арабтар әртүрлі жарыстар өткізу арқылы бұл салада тер төгіп, тілдерінің одан сайын дамуына септігін тигізіп, нәтижеде бұл тіл, иләһи сөзді танытуға себеп болатындай тілдік байлыққа әрі кереметтілікке қол жеткізеді.

Ғасырлар зулап өткеннен кейін осының арқасында арабтарда көркем сөйлеу ең тамаша өнерге айналады. Ақындар мен шешендер, көпшілік арасында мақтауға лайықты көзді қызықтыратын бір дәрежеге жетеді. Осының салдарынан хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) көрсеткен мұғжизалардың ең үлкені әрі сөздердің ұлығы иләһи сөз – Құран Кәрім болды.

Адам баласын өзге жан иелерінен ерекшелеген ең басты сипаттары – ақыл, ұғым, түсінік және баяндау (сөйлеу) болған соң әрине, ең соңғы түскен әрі ең керемет кітап болған Құран Кәрімнің мұғжизалық жағы да ақыл, баян және ғылым саласында ортаға шыққан. Өйткені хақ Тағала былай дейді:

«Рахман Құранды үйретті. Адамды жаратты. Оған баяндауды (сөйлеуді) үйретті» (Рахман, 1-4).

Құран Кәрімнің теңдессіз иғжазы жайында тілді зерттейтін ғалымдар небір еңбектер жазып, бұл еңбектерінде өте құнды пікірлерді алға тартқан. Біз мұнда бұлардың бірнешеуіне ғана тоқталып кетпекпіз. Алла Расулы (с.ғ.с.) пайғамбарлығын мәлімдегенде кәпірлер: «Оған Раббы тарапынан неге мұғжизалар түсірілмейді?..», – деп қарсы шығады.

Алла Тағала оларға былай деп жауап  қайырады: «...Оларға «Мұғжизалар тек Алланың ғана қасында. Мен болсам тек ашық ескертуші ғанамын» де. Әрине, оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне(мұғжиза ретінде) жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Күдіксіз Құранда, иман келтірген қауым үшін, әрине рахмет және насихат бар» (Ғанкәбут, 50-51).

Құранның иғжазы: көркемдігі және баяндау әдісі, мағынасының кеңдігі, қарастырған негізгі мәселелерінің адамзатты қанағаттандыруы, ғайыптан хабар беруі, әрқашан өзектілігін сақтауы, шариғат саласындағы үстемдігі сияқты көптеген тұстарда көрініс табады.

Құранның мұғжизалағының ең көзге түсер әрі маңызды тұсы көркемдіктен (балиғат) және баяндаудан тұрады. Балиғат дегеніміз негізгі мақсатқа, тақырыпқа және қарсы алдындағының жағдайына қарап дәл ыңғайлы әрі орынды сөз айту. Құран Кәрімде сөз қозғалған бүкіл мәселелерде бұны ең тамаша бір түрде жүйеге қойған.

Құран Кәрім – тіл байлығы жағынан да ең керемет кітап. Тілдік байлығы  жағынан да, мағынасы жағынан да титтей де кемшілік табу мүмкін емес.

Мұрат Мұстафаев,

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы

Осы RSS каналға жазылу