Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық "Иманғали" мешітіне екі бірдей наиб имам тағайындалды

Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешітінде екі бірдей наиб имам тағайындалды. Дін саласының жаңа қызметкерлерін жұма күні жергілікті жамағатқа Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен орталық "Иманғали" мешітіне наиб имамдыққа Ерболат Боханов және Мақсат  Алпысбай тағайындалды. Жас мамандардың жұмысына сәттілік тілеген орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров наиб имамдардың өмірбаянымен таныстырды.

Айта кетелік, Боханов Ерболат Бақытжанұлы 1995 жылы 26-шы қыркүйекте Тараз қаласында дүниеге келген. 2012 - 2016 жылдар аралығында «Қордай» медресесінде оқыған.  Соңғы екі жылы Түркия астанасы Стамбул қаласындағы «Имам Абу Ханифа» атындағы ислам институтында білім алды.

Махсат Қайратұлы 1993 жылы 22-ші қыркүйекте Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бакалавриат дәрежесіндегі исламтану мамандығында білім алды. Кейін аталмыш университетте магистр дәрежесіндегі дінтану мамандығын тәмамдады.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Ілім иесінен білім ал!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы жанындағы Музыка колледжінде арнайы болып, ондағы оқытушылар құрамы және студент-жастармен жүздесті.

         Өзара пікіралмасу форматында өткен ашық алаңда Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров кез келген ілім мәселесінде білім иесінен сұрау туралы уағыз айтты. "Мәселен,  дінге қатысты сауалдарыңыз туындаса, мешіт ұстаздарына келіп, тікелей сұрауға болады. Діни ілім ғаламтордан үйренетін дүние емес. Оны оқыған арнайы мамандар бар. Және дінге қызығушылық танытқан адамға шынайы ұстаз ғана жол көрсетеді" деп атап өтті өкіл имам өз сөзінде.

         Жалпы саны жүзге жуық жастар жиналған кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

АТЫРАУ: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау  облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих және журналистика мамандығында оқып жатқан жоғарғы курс студенттерімен  кездесті.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу