Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имамның «Неке және отбасы» тақырыбындағы дәрісі жалғасуда

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының «Неке және отбасы» тақырыбындағы дәрісі жалғасуда. Жамағатпен бірге оқылған намаздан кейін орталық «Иманғали» мешітінде жалғасқан дәріс барысында Бас имам жақсы әйелдің ізгі қасиеттері туралы кеңінен айтты.

Кез-келген мұсылманды өзгелерден даралайтын бір қасиеті болады. Ислам ғалымдарының пікірінше, ол қасиет - көркем мінез. «Шын мәнінде көркем мінез дегеніміз не? Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте бір адам Пайғамбарымызға (оған  Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған кеңес бер» деп өтінеді. Ол (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуланба!», – деді. Осыдан кейін әлгі адам өз сұрағын бірнеше рет қайталады. Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әр жолы: «Ашуланба», – деуден танбады (Бұхари)» деген Батыржан қажы Берденұлы жақсы мінез – жан көркі екендігін атап өтті. «Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез» деп нақтылады облыстың Бас имамы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


 

Толығырақ ...