Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Алғыс айту» күніне орай, «Қарттар үйінде» кездесу өтті

«Алғыс айту» күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырау облыстық «Қарттар үйінде» қайырымдылық шарасы өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің жамағаты және «Иман жастары» қанатының қатысуымен өткен шарада орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев уағыз айтты. «Адамдарға алғысы жоқтың - Аллаға шүкіршілігі жоқ» тақырыбында уағыз айтқан ол «шүкіршілік қалай атқарылады?» деген мәселеге кеңінен тоқталды. «Шүкір  жүрекпен,  тілмен  және  ағзалармен  де  жасалады.  Алла  Тағаланың  осы  уақытқа дейін сізге берген нығметтерін еске алып, әрі оны тек Алладан деп білуіңіз 

жүректің шүкіріне жатады. Берілген нығметтердің бірін тілмен айтып шүкір ету тілдің  шүкірі саналады. Мәселен, әке-шешенің перзентінің жанында болуы  – нығмет. Бұл нығметті жүрекпен ойлау – жүректің шүкірі, оны айту – тілдің шүкірі,  ал  оларға  қарайласу,  оларға  құрмет  көрсету  және  олардың  алдындағы  перзенттік  борышты өтеу – ағзаның шүкірі. Бұл жағдайда шүкір «Аллаға шүкір» деп тек сөзбен  ғана  айтылмауы  керек.  Оны  іспен  де  қуаттау  қажет» деп атап өтті ұстаз Мұрат Мұстафаев.

Ал, «Иман жастары» қанатының мүшелері тағылымды шараны екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін айтып жалғады. Одан әрі жастар қарттарға қасиетті зәм-зәм суын құйып беріп, құрма таратты. Шара соңында қарияларға «Иман жəне дəстүр құпиясы» кітабы табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.



Толығырақ ...

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...

Көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күніне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешіті қарттар мен балаларды жинады.

Ақ дастархан басында бас қосқан жамағатқа  Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров үлкенді сыйлау, құрметтеу, бауырмашылдық, алғыс сезімін білдіру тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Одан әрі шара тағылымды сұхбатқа, ақсақалдардың ұлағатты әңгімесіне, батаға жалғасты.

Айта кетелік, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет «Алғыс айту» күнін мерекеледі. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, бұл күн - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Сондай ақ, «Алғыс айту» күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болып табылады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу