Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін ілімін үйрену әр мұсылманға парыз!

Ислам діні ғылым мен білімге ерекше мән берген дін. Құранның ең алғашқы бұйрығының «Оқы!» деп келуінің ерекше мәні бар. 

Алла Тағала: 

يَرْفَعِ اللّٰهُ الَّذ۪ينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذ۪ينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ

«Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің, сондай-ақ, өздеріне ілім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді» («Мужәдилә» сүресі: 58/11) деу арқылы ілімнің артықшылығын атап өткен. Ал мына аятта Алла Тағала білімді мен білімсіздің ара жігін ашып баяндап берген:

قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذ۪ينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذ۪ينَ لَا يَعْلَمُونَ

«Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» – деп айт» («Зумәр» сүресі: 39/9) деу арқылы Раббымыз ілім-білімнің артықшылығын көрсеткен.

 «Ғаламға рақым ретінде жіберілген» адамзаттың ардақтысы (салла Аллаһу алейxи уә сәлләм) да өзінің көптеген хадистерінде ілім-білімнің артықшылығын атап көрсетіп, үмбетін қараңғылықтан құтылуға шақырған. Ол бір хадисінде:

"طلب العلم فريضة على كل مسلم ومسلمة"

 «Білімді іздеу – әрбір мұсылман еркек ке де әйелге де  парыз» деп білім іздеуді еркек әйел бәріне міндет еткен. 

Мына хадисінде «Ғылымның өшіп, надандықтың жайылуы қияметтің белгілерінен» (Муслим, Илм, 8) деу арқылы білімсіздіктің етек алуын қияметтің белгілерінен саналатынын көрсетіп, ескертіп кеткен.

 Өз кезегінде ғылым үйрену парыз айн және парыз кифая болып бөлінеді. Парыз айнға – әрбір мұсылманға дініне қажетті маңызды істерді: Жаратушыны тану, харам мен халалдың аражігін ажырата білу, құлшылығын дұрыс орындауды үйреніп, білуі жатады.

 Парыз кифая дегеніміз – егер бір адам оны орындаса,  басқасының мойнынан жауапкершіліктің түсуін білдіреді. Егер оны біреуі де орындамаса,  қоғамның барлығы бірдей күнәһар болады. Бұған мысалы ретінде жаназа намазын оқуды келтіре аламыз.

 Сол секілді ғылымдарды үйрену де парыз айн және парыз кифая болып бөлінеді. Парыз айн ғылымдарды ақылы бар, балиғатқа жеткен әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйел үйренуі қажет. Егер үйренбесе сол үшін күна арқалайды.

 Егер парыз кифая ілімдерді кейбір мұсылмандар жетік түрде меңгерсе, онда олар сауапқа кенеліп, басқа мұсылмандардың мойнынан жауапкершілік түседі. Егер де мұсылмандардың арасынан белгілі бір ғылым саласын меңгерген ғалымдар шықпаса, онда барлығы тегіс күнаға батады.

Ал қазіргі таңда, өкінішке орай, мұсылмандардың шариғат ілімдерін тастап қойып дүнияуй білімге ден қоюы ислами құндылықтардың шаң басып жатуына себеп болуда

 

Ержан Қағазғалиев обылыстық "Иманғали" орталық мешітінің найб имамы.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу