Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мәулімберген» мешітіне наиб имам тағайындалды

Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітіне жаңадан наиб имам тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен тәжірибелі маман Нариман Ермағамбетов наиб имам болып тағайындалды. Жаңа міндетке кіріскен дін қызметкеріне мешіт жамағаттары мен ауыл ақсақалдары сәттілік тіледі.

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.


Толығырақ ...

Ақпараттық топқа тапсырмалар берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жергілікті ақпараттық-насихаттық топқа тапсырмалар берді.

Асыл дінімізді дәріптеу, ағарту міндеттері жүктелген насихаттық топқа жұмыс нәтижелері жөніндегі есеп беру үлгісі таныстырылды.         Сондай ақ, насихаттық топ мүшелерінің білім, біліктілік деңгейі талқыланды.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру бойынша елімізде дін сұрақтары мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу