Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қасиетті Құранды жатқа айтып, мәнерлеп оқыған жеңімпаздар марапатталды

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасиетті Құран – Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша жетінші республикалық Құран байқауының Атырау облысы өкілдігінде іріктеу туры өткен болатын.

Бүгін орталық «Иманғали» мешітінде іріктеу турының жеңімпаздарына қаржылай сыйлық табыс етілді. Құранның он парасын жатқа айтқан Халим Мұстафа бірінші орынның жүлдесін, Құранды мәнерлеп оқудан оқ бойы озық көрінген Мақсот Құсанұлы бас жеңімпаздың сыйлығын  иеленді. Жеңімпаздарға жүлдені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров табыстады.

Айта кетелік, Құранды мәнерлеп оқуда Балтабай Ұлан мен Саламат Иманғалиев екінші және үшінші орынға табан тіреді.

Құранды жатқа айту және Құранды мәнерлеп оқу бойынша сынға  түскен шәкірттер елімізге мәшһүр ұстаздар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров, Хусейн Кая, Батырәлі Бердіқұлов, Еламан Бегалиев, Мұрат Мұстафаев және Ержан Қағазғалиевтың алдында білімдерін сарапқа салғанын еске саламыз.

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.




Толығырақ ...

Жамағаттар арасында жарыс өтті

Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде жамағаттар арасында кір тас көтеруден жарыс өтті.

Жастарды ұйымшылдық пен бірлікке ұйыстыру, ауызбіршілікті нығайту мақсатында өткен спорттық шарада бірінші орынды Бисенбай Нұртілеуов иемденді.

Екінші орынға Абай Мағзомов лайық деп танылды. Ербол Жетегенов үшінші орынға табан тіреді. Осылайша, мешіт жамағаты салауатты өмір салтын насихаттауды қолға алды.

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз қызметі.


Толығырақ ...

Бас имам «Иман нұры» бағдарламасының қонағы болды

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, PhD доктор Батыржан қажы Берденұлы кеше «Иман нұры» бағдарламасының тікелей эфирінде қонақ болды.

«Қазақстан – Атырау» телеарнасында өткен бағдарламада студия қонағы Батыржан қажы Мансұров «Ислам және отбасы» тақырыбында сұхбат берді. Аз уақыт ішінде телекөрермендер арасында танымалдылыққа ие болған бағдарламада көрермендер тікелей эфирде сауалдар қойды. 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу