Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мәулімберген» мешіті ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды

Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен «Ағашты жердің ырысы мол» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция кезінде жамағатмешіт ауласы мен көшелерге көшеттерді отырғызып, жас ұрпаққа тамаша үлгі көрсетті. Көшеттер Алғабас ауылындағы «Роза Медикал» мекемесінің ауласына да  отырғызылды. «Жақсы істің жаршысы болу - барша мұсылманға тән қасиет. Әрі, қоршаған ортаны қорғау да біздің міндетіміз. Тау, су, Жер анамен бірге, адамзат атаулының таза ауамен тыныстауына жағдай жасап отырған жасыл желек біткеннің барлығы  - Алланың берген ең үлкен нығметтерінің бірі» дейді жамағат.

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Отбасылық типтегі «Шаңырақ» балалар ауылына қолдау көрсетілді

Атырау қаласына қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Жұлдыз мешітінің жастар бөлімі отбасылық типтегі «Шаңырақ» балалар ауылына құрылыс жұмыстарымен көмектесті.

 Игі іске бастамашылық жасаған аталған мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиевтың айтуынша, балалар ауылының басшылығымен арада болған әңгімеден кейін, мешіттің жастар жамағаты өз ықтиярымен қаражат жинаған. Кейін  цемент, қиыршық тас, өзге де қажетті құрылыс материалдары алынып, ғимараттың есік алдына төсем жұмыстары жүргізілді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

 

Толығырақ ...

Әт –тақуа мешіті үш айлық курсты аяқтаған шәкірттерді марапаттады

Атырау қаласындағы Әт-тақуа мешіті жанындағы үш айлық курсты аяқтаған шәкірттер марапатталды.

Құран әліппесін меңгерген шәкірттердің саны он бесті құрады. «Бұл мешітімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған курс. Барлық сабақтарда да шәкірттердің ерекше ынтамен ілімге ұмтылғанын атап өткеніміз жөн» дейді курс ұстазы  Арыстан Мұхамедкәрім.

Салтанатты жағдайда өткен марапаттау шарасы кезінде Әт-тақуа мешітінің Бас имамы Өсімхан Аманбайұлы «Сендердің ең қайырлыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» тақырыбында уағыз айтты. Кейін ақ дастархан басында еркін форматта сұхбат құрылып, шәкірттерге діни кітаптар, тасбих сыйға тартылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.






Толығырақ ...

«Иман жастары» орталық мешітте бас қосты

 «Иман жастары» ұйымының мүшелері кеше орталық «Иманғали» мешітінде құптан намазынан кейін бас қосты. Айлық отырыс барысында ұстаздар – Мұрат Мұстафаев пен Ержан Бегалиев Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және сахабалар өмірі туралы уағыз айтты. 

Сондай ақ, жастарға Абдусамат Қасымның «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі» (Ханафи мәзһабы бойынша) кітабын оқу тапсырылды. Яғни, жастар бір ай ішінде кітапты оқып шығып, кейін ұстаздар алдында сынақ тапсыратын болады. 

Айта кетелік, кітапта құлшылықтың ұлығы - намаз оқу үлгісі Ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, даулы мәселелерге хадистерден нақты дәлелдер келтіріледі. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі. 


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу