Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының бас мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті. Аз қамтылған, мүгедек, жалғыз басты категориясы бойынша жиырмаға жуық мұқтаж жанға азық-түлік пакеті таратылды.

Мұқтаж жандарға пакетті Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров өз қолымен таратты. «Батыржан қажы Берденұлы қашанда игі бастамалардың басы-қасында жүреді. Имандылық, адамгершілік қасиеттерді насихаттап жүретін ол мұқтаждардан қамқорлығын аяған емес» дейді қамкөңіл жандар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу