Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау өкілі имамдарға бірқатар нақты тапсырма берді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров бүгін қала және аудан имамдары үшін кезекті жиын өткізді. «Иманғали» орталық  мешітінде өткен жиында дін қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

Толығырақ ...

Жастар мешіт ауласына ағаш екті

Жастар ағаш отырғызды. Бұл қайырлы бастаманы Атырау қаласы Жұлдыз елдімекеніндегі Қ. Мұңайтпасов атындағы мешіттің жастар жамағаты қолға алды.

«Мешіт ауласына жиырмаға жуық көшет отырғызылды. Істің басы-қасында жастардың өздері жүрді. Мешіттің алдын көгалдандыруға өз  үлестерін қосқан жас жамағатқа алғысымыз зор» дейді Қ. Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас  имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Ағаш отырғызу, қоршаған ортаны қорғау – қашанда қайырлы іс болып қала бермек. Мұны сонау ықылым заманнан қалыптасқан дәстүр десек те болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтып өткен хадисте де: «Қиямет-қайым басталған кезде кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті болса, қиямет болмастан бұрын отырғызуға күші жетсе, дереу отырғызып үлгерсін»дейді. Тағы бір  хадистерде «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» делінген. Өзгеге  үлгі боларлықтай қайырлы іске жастардың бастамашы болып отырғандығы қуантады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.



Толығырақ ...

Жылыойда сенбілік өтті

Жылыой аудандық орталық мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен жастар жамағаттары қатысуымен сенбілік өтті. Онда мешіттің ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштардың түбі қопсытып, ақтау жымыстары жасалды. Дініміз Ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық — иманның жартысы» — деген. Тағы бір хадисінде: «Алла — жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын да жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» — деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазалану шыларды жақсы көреді»- деген. Бұлөткізілген шара тазалықжұмысы болуыменқатар, жамағаттың ауызбіршілігінің де айқынкөрінісіболды.

 

Жылыой аудандық орталық

мешіттің баспасөз қызметі




Толығырақ ...

Жылыойдағы қайырымдылық шара

6 сәуір күні «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде Жылыой ауданы, орталық мешітінің имамадарының ұйымдастыру мен қайырымдылық шара іске асырылды.Құлсары қаласының тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы аналар мен аз қамтылған 7  отбасыға 30 кг-нан тұратын күнделікті азық-түліктер үйлестіріп, сауапты іс қолға алынды.Алла Тағала Құран Кәрімнің Ниса суресінің 127 аятында айтқандай: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі» - дегендей бұл қасиетті Ережеп айында жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап. Алла қызмет еткен барша кәсіпкерлерге береке бергей!

         

Жылыой аудандық орталық

                                                                                                                                                                                                                                                 мешіттің баспасөз қызметі


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу