Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ДІНИ БАСҚАРМА ӨКІЛІ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗДІ

Мамыр айының 22-күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының xалықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, Пәтуа бөлімінің xатшысы Ершат Оңғаров Атырау облысына ресми іс-сапармен келді.

Толығырақ ...

Назар аударыңыз! Бәйге!

Орталық "Иманғали" мешітінде "Құран жарысы" сайысы өтеді. Жасөспірімдер арасында өтетін сайысқа 5 - 10  жас аралығындағы балалар қатыса алады.

          Сайысты ұйымдастырушы орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаевтың айтуынша, үміткерлер мамыр айының 27-не дейін тіркелуі тиіс. "Жас талапкерлерге Құран - Кәрімнен жаттаған сүрелерді мәнерлеп оқу талабы қойылады. Және жаттаған сүрелердің саны жағы да назарға алынады" дейді ұстаз Мұрат Мұстафаев.

          Сайыс 28 мамыр күні орталық "Иманғали" мешітінде таңғы сағат 10.00-де өтеді.

          Сайысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат - жас буын арасында имандылықты дәріптеу, қасиетті Құраннан тәлім алуға баулу екендігін айта кеткен жөн.

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Рамазан құрметіне "Қауырт желі" қызмет көрсетеді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне "Қауырт желі" іске қосылды. Атырау облысы орталық "Иманғали" мешіті қолға алған жобаның басты ерекшелігі сол, кез келген азамат діни мәселелерге байланысты сұрағын желі арқылы қоя алады.



"Бауырларымызға оразаға байланысты, жалпы, діни тақырыптағы кез келген сауалдарға сала мамандарынан, яғни, сенімді дерек көздерінен жауап алу мүмкіндігі беріліп  отыр. Ондағы мақсат - қоғамда имандылықты насихаттау, асыл дінімізді дәріптеу" дейді ұйымдастырушылар.

          Қасиетті Рамазан айы бойына қызмет көрсететін қауырт желі нөмірі  - 8 747 463 09 95.

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

 

Толығырақ ...

Ауызашарда «азаматтық неке» мәселесі талқыланды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне еліміздегі барлық мешіттерде ауызашар беру рәсімі жалғасуда. Кеше Атырау қаласының Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте ауызашар дастарханында өзекті тақырып талқыланды.

Бүгінгі таңда қоғам тарапынан алаңдатушылық тудырып отырған тақырып – азаматтық неке мәселесін аталмыш мешіттің наиб имамы Рахматулла Моллақанағатұлы көтерді. «Соңғы кезде қоғамда ер мен әйелдің ерікті түрде бір-бірін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, туған-туыстарына жарияламай ерлі-зайыпты болып бірге тұратын «азаматтық неке» ұғымы пайда болды. Асылында, неке АХАЖ бөлімінде ресми тіркеліп немесе мұсылманша неке қиылмай жақындасу зина ұғымына кіреді. Алла Тағала Құран Кәрімде зинаға мүлде жоламауды қатаң ескерткен. «Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол» дейді. Сондықтан, мсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуы тиіс» деді наиб имам Рахматулла Моллақанағатұлы.

Айта кетелік, биылғы жылды мүфтият «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты, әр айда жамағатқа неке тақырыбында уағыз айтылады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу