Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шәкірттерге сауат ашу дәрісі жүруде

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт кешенді сауат ашу дәрістерін жүргізуде.

«Күні бүгінде шәкірттерге Орал медресесінде оқитын Мақсот Тілепбергенов дәріс беруде. Қазір ол біздің мешітімізден оқу тәжірибесінен өтіп жатыр» дейді Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Айта кетелік, мешіттегі сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттер мектеп оқушылары. Яғни, мамыр айында демалысқа шыққан балалар ата-аналарының ресми түрде өтініш жазуы негізінде мешіттен діни білім алуда.

Асылында, ислам діні − құлшылықпен ғана шектелмейді. Ислам ілім алуға, сауатты болуға шақыратын тұтас ғылым кеңістігі десек те болады. «Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!»  деген. Демек, алғашқы аяттар тек оқу керектігін меңзеп тұр.

«Бұл Алла Тағаланың бізге бұйырған әмірі. Алайда, аятта қай ілім саласын оқу керектігі айтылмаған, бұл аят жалпылама ілім алуды, сауатты болуды бұйырып тұр. Сол үшін адам өмірінде діни ілімнің де, дүниеуи ілімнің де алатын орны ерекше» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 



Толығырақ ...

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте әйел жамағатымен жүздесу өтті

Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев әйел жамағатына уағыз-насихат айтты.

Рамазан айының рақымдылығы, кешірімшіл болудың мәні, ата-ананы құрметтеу тақырыбы сөз болған кездесудің рухани тұрғыдағы құндылығы ерекше болды. «Ата – ана әр баланың өміріндегі ең маңызды, қадірлі адам. Себебі, олар Алланың қалауымен өмірге ұрпақ әкелді, тәрбиелеп, өсірді. Және бұл қымбатты жандарды Алла Тағаланың Өзі аяттарда дәріптеген. Демек, ата-анаға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да, Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр» деп, қасиетті Құран - Кәрім аяттарынан үзінді келтірген ұстаз Ақылбек Құрманғалиев Рамазан айының тәрбиелік мәніне тоқталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 


Толығырақ ...

Жұлдыз мешітінде бір мезгілде 200 адамға ауызашар берілуде

Күллі әлемді ізгілікке үндейтін қасиетті Рамазан айының құрметіне еліміздегі, сонымен бірге, Атырау облысындағы барлық мешіттерде жамағатқа күнделікті ауызашар берілуде.

Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де ауызашар дастарханы күнделікті үзіліссіз берілуде. «Мешіт жамағатының және демеушілердің бірлесуімен, ауызашар дастарханы күнделікті 200 адамға берілуде. Оның ішінде 180-ге жуық ер кісіге және 20-ға жуық әйел кісіге дастархан мәзірі арнайы жайылуда» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады» делінген. Асылында, ораза тұтқан мұсылманға бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың кейбірлері бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндіктері жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады» деді. Ендеше, қасиетті айда ауызашармен бірге, мұқтаж бауырларымызға да көмек қолын созып, сауапты амалдар жасауға асыққанымыз абзал» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Толығырақ ...

Әр қазақ менің жалғызым...

 

          Мақаламыздың тақырыбына негіз болып отырған «Әр қазақ – менің жалғызым!» деген өлең жолдарын қазақтың белгілі ақыны Сабыр Адай өсиет етіп кеткен.  Адамзат баласын бірлікке үндеген Алла Тағаланың әмірі және бауырды сүюді өз үмметіне аманат еткен Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінің өнегесі де осы мәселеге келіп тіреледі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу