Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажылық сапардың маңызы туралы уағыз айтылды

 Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қажылық тақырыбында уағыз айтылды.

             Тарауық намазы арасындағы үзілістердің бірінде аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі екендігін атап өтті. "Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана қажылық парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят) деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа Тәңiр жоқ және Мұхаммед Оның Елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару» делiнген. Жалпы, зекет беруге жағдайы бар мұсылманның қажылыққа баруы парыз" деп атап өтті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

            Уағыз барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған «Тауаф Travel» компаниясы туралы да ақпарат берілді. Компанияның негізгі қызметі, онда білікті гид имамдардың, жоғары санатты дәрігерлердің қызмет көрсететіндігі айтылып өтті. Еске сала кетелік, қасиетті қажылық сапары мұсылман үшін сауабы мол амал.

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Жар таңдаудың ерекшелігі неде?

Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігі де келіп жетті. Айлардың сұлтаны болған ораза, яғни қасиетті Құран түскен айдың құрметіне еліміздің барлық мешіттерінде Тарауық намазы оқылып жатқаны белгілі.

            Осынау сауабы мол амал Атырау қаласына қарасы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де жалғасуда. Тарауық намазы арасындағы үзілістердің бірінде аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы "қыз бала мен ер жігіт шаңырақ құрар алдында бір-бірінің бойындағы нендей қасиеттерге назар аударуы тиіс?" деген тақырып төңірегінде уағыз айтты. "Шұғайып пайғамбардың (ғ.с) қызының Мұса пайғамбар (а.с) хақында айтқан сөзі бар: "Әке, Мұса пайғамбарды (а.с) өзіңе жұмысшы етіп жалда. Өйткені, ол өте күшті әрі, сенімді жігіт" деген. Демек, қыз баласы өзінің болашақ жұбайының бойында мықтылық және сенімділік, адалдық қасиетінің болуына назар аударуы  керек.  Ер азамат қыз баланың дініне қарауы тиіс. Яғни, ислам ғалымдарының саралауынша, әйелзаты дініне берік болуы қажет. Ер азамат болашақ жұбайын таңдарда оның сұлулығы, тегі, байлығына емес, жүректегі иманға, адалдығына назар аударуы тиіс" деп атап өтті Бас имам Ардақ Жұмабекұлы.

            Асылында, әйелзатына деген құрметтің  исламмен бірге келгендігін атап өткеніміз жөн. Алла Елшісі (с.ғ.с) мұсылмандарға әйел затына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы: «Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны», сондай-ақ, «Әйелдерге жақсы мінезде болыңыздар» деген болатын. Ислам әйелді өз апа-қарындасыңдай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарынша мәміледе болуы керек» деп насихаттаған болатын.

 

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...