Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазан айындағы айшықты істер

Қасиетті Қадыртүнінің құрметіне Жылыойауданы «Жылыоймұсылмандар» орталықмешітінде ауызашар берілді. Оған қажылар, зиялы қауым, мекеме басшылары, жергілікті жамағат, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Рамазан айының құрметіне жайылған дастарқан Құран - Кәрім аяттарымен ашылды. Сондай-ақ, берекелі дастархан басында жиылған өңірдің игі-жақсылары жасалған дұға-тілектердің, ұстаған оразаның қабыл болуын тіледі. Ауызашар соңында «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев ораза ұстаудың мәні және ауыз аштырған кісіге берілетін сауап, Қадыр түнінің қасиеті, мұсылманның ауызбіршілігі жайында уағыз айтты.

Қадір түні мешітке келген жамағатқа «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде 500 адамға ауызашар берілсе, сәресіге де осынша  адамға дастарқан жайылды. Имамдар алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес Рамазан айы, Қадыр түні, ораза тақырыптарын қамтыған уағыз-насихат айтып, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, жамағаттарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Сондай ақ, кеше «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде Құран Хатым аяқталды. «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев Хатым Құран дұғасын жасап, Рамазан айы бойы Тарауық намазын өткізген Түркия елінен келген Ахмад Гук қариға алғыс білдірді.

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз - қызметі.


Толығырақ ...

Жастар арасында Құран жарысы өтті

Жылыой аудандық Мұсылмандар мешіті және Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен, 7-17 жастағы ер балалар арасында Құран жарысы болып өтті.  Оған қала, аудан, ауыл мешіттерінде дәріс алушы барлығы 30-ға жуық үміткер қатысты.

Сайыс Құранның соңғы отызыншы парасынан «Духа» мен «Нас» сүрелері аралығын қамтыды. Өзара бақ сынасқан шәкірттердің Құран қырағатына,  ереже бойынша дұрыс оқуына және жаттау қабілетіне мән берілді.

 

 Әділқазылардың шешімімен І орынды Құлсары қаласының тұрғыны Руслан Артур жеңіп алды. ІІ орын Жылыой орталық мешітінің шәкірті Сансызбай Мухаммадқа және ІІІ орын Үмбет Қадырға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығына бағалы сыйлықтармен қатар, диплом табыс етілді. Бұдан бөлек, ерекше қабілетімен көзге түскен он тоғыз қатысушыға алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары берілді.
«Жылыой мұсылмандар» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Толығырақ ...

80 отбасыға қайырымдылық жасалды

Жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу – исламда айырықша бағаланатын асыл қасиеттер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» дейді. Осынау керемет өсиетке орай,   Жылыой аудандық орталық мешіті қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыруды қолға алуда.

Аталмыш ауданның Бас имамы Арман Исаевтың ұйымдастыруымен мың айдан да қайырлы Қадір түнінің құрметіне 80 мұқтаж отбасына азық-түлік үлестірілді. Шара барысында аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғызбасты мұқтаж  жандар қамтылды.
            Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды кейінгі буынға өнеге қылып кеткен болатын.
        Жылыой аудандық орталық  мешіттің баспасөз – қызметі.  


Толығырақ ...