Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажылық - ұлық ғибадат

Қажылық -  ұлы ғибадат. Қасиетті Құран-Кәрімде: «Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Алла Тағала үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау парыз», - делінген.

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданынан биыл  қажылық сапарға он үш  адам аттанған еді. Қасиетті сапар қарсаңында Жылыой ауданы орталық мешітінің бас имамы А. Исаев қажылық сапарын өтеуші жамағаттарға арнайы дәріс өткізді.

Қажылық парызын өтеуде орындайтын негізгі істерді кеңінен түсіндіріп, сұрақтарына тұшымды жауап берді. Қажылар құрметіне мешітте ақ дастархан жайылып, оған Жылыой қаласының әкімі Ш. Кейкін, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кадиров, қажылар қауымдастық өкілдері, имамдар қатысты.

«Жылыой Мұсылмандар» мешітінің баспасөз – қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу