Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт имамдары біліктілігін арттырды

Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық - талдау орталығының ұйымдастыруымен мешіт имамдары арасында біліктілігін арттыру курсы өтті. Екі күнге созылған семинар «Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам» тақырыбына арналды.  

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолында мұндай біліктілікті арттыру семинарларының маңызды зор екендігін атап  өтті.

Курстың алғашқы күнінде дәріс оқыған теолог, «Пікір діндерді қолданбалы зерттеулер орталығының» директоры А.Сабдин зайырлылық қағидаттары, деструктивті діни ағымдарға тоқтау салу жолдары, тиімді әдіс-тәсілдер сынды бірқатар көлемді тақырыптарды қамтып, қарапайым халыққа дінді дұрыс жеткізудегі маңызды мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ, курста «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М. Омаров имамдарға дәріс жүргізіп, мешіт жамағатымен жұмыс жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті.

Курс жұмысына Атырау қаласымен бірге, облысқа қарасты аудан орталықтарынан келген мешіт имамдары қатысты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу