Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажылар қасиетті сапардан елге оралды

Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаевтың ұйымдастыруымен қажылар үшін арнайы дастархан жайылды.

Мұсылманның бес парызының бірі - қажылық сапарды орындап, қасиетті мекеннен келгендер өздерінің көріп-түйгендерімен және қажылықтан алған әсерлерімен бөлісті.

«Пайғамбарымыз туып- өскен, ислам діні жер-жаһанға тарала бастаған қасиетті жерлерді көру – мүминдердің жан-дүниесін толқытады, иманы артады, киелі жерлерде адам өзін Аллаға жақын сезінеді. Ал, оның жасаған ғибадаттарына еселеп сауап жазылады. Алла разылығы үшін қажылық міндетін атқарған және адамдарға жаманшылық жасаудан сақтанған адамдардың (кісі ақысынан басқа) көптеген күнәлары кешіріледі. Бұл жөнінде пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім Алла үшін қажылық жасап, жаман сөз бен әрекеттерден аулақ болса, анасынан туғанда қандай күнәсіз болса, сондай болып күнәларынан арылып қайтады» деп өсиет еткен» деді қасиетті сапардың нығметтері хақында ой өрбіткен Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев.

 

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Теолог ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласы, Тасқала ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов Рахметұлының қатысуымен, Алғабас ауылы әкімшілік  үйінде ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты теолог Сұлтан Серікұлымен жүздесті.

Кездесу барысында жат ағым турасында кеңінен тақырып қозғалып, жастар мен оның тәрбиесі жөнінде де кеңестер талқыланды. Отбасы құндылықтары мен қоғамдағы маңызы да айтылды. «Болашақ - жас буынның қолында, ендеше жарқын болашақ үшін адаспас ілім мен әдемі әдептілік жойылмауы керек.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бала тәрбиесі жайлы «Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отбасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар» деген. «Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп,  қылықтарын қадағалап бағыт-бағдар беруге көңіл аз бөлінуде. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызықшылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап ықпал етуі керек» деп түйіндеді кездесуді теолог Сұлтан Серікұлы.

 

«Мәулімберген» мешітініңбаспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу