Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Ержан Қағазғалиев жастар арасында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын насихаттады

 islam-atyrau.kz/23 қараша, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев жастар жамағаты арасында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды.

"Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.

Төле бидің: "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ", – деген тәлімді сөзінде терең мағына жатыр. Тұғырнама туралыққа үндейді" дейді ұстаз Ержан Қағазғалиев.

 

 






  Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

 

 

 

 

 
Толығырақ ...

Исатай ауданында "Әз Пайғамбар хақ жолы" атты кеш өтті

  islam-atyrau.kz/23 қараша, 2019 жыл.  Исатай ауданының Зинеден Құрасұлы атындағы орталық мешітінде "Әз Пайғамбар хақ жолы" атты рухани кеш болып өтті.

Мәуліт мерекесі аясында екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) сансыз салауат айтылған іс шараға   Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Айтжан Абдиров арнайы қатысып, уағыз айтты.

"Мәулітті атап өту – абзал амалдың бірі. Себебі, мәуліт Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен қуаныштың айрықша көрінісі. Ал Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көру – иман негіздерінің бірі" дейді ұстаз Айтжан Абдиров.

Шараны ұйымдастырушы Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы мұндай рухани шаралардың бұқараны одан әрі біріктіре түсуде үлкен маңызға ие екендігін айтады.  

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Жұлдыз мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті

islam-atyrau.kz/23 қараша, 2019 жыл.   "Мәуліт мүбәрак болсын". Осындай атаумен Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте мәуліт кеші болып өтті.

Іс шараға Атырау қаласындағы барлық мешіттердің имамдары мен жамағат қатысты. Барлығы жүзге жуық адам қатысқан рухани шараны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Айтжан Абдиров құттықтау сөзбен ашты.

Рухани кешке құрметті мейман ретінде шақырылған Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов Мәуліт  мерекесінің ерекшелігі туралы уағыз айтты.

"Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарға имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру" деп атап өтті ұстаз Өсімхан Тілеуов өз сөзінде.

Шара соңында Атырау қаласына қарасты барлық мешіттерге сыйлық үлестірілді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...