Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді.                            

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады. 

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

-    Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
-    үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1 орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
-    толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
-    үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
-    үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
-    үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.  

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...