Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам институты 67 дін қызметкеріне куәлік табыстады

 islam-atyrau.kz/15 наурыз, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты  биылғы жылдың алғашқы тыңдаушы имамдарына куәлік табыстады.

ҚМДБ бекіткен сабақтар бағдарламасы бойынша «Қаңтар-наурыз, 2019»  оқу легінде 67 дін қызметкері білім алды. Оның 13-і Ресей Федерациясы және 4-уі Моңғолиядан келген қандастарымыз. Барлық шетелдік дін қызметкерлері мен қазақстандық 5 имам «директорлық грант» негізінде тегін оқып шықты.

Ислам институты басшылығы имамдардың білімін толықтыру мақсатында оқу бағдарламасынан тыс елімізге еңбегі сіңген дін өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер жиі ұйымдастырып отырды. Мәселен, осы лектің имамдары ҚМДБ тұңғыш төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлымен, ҚМДБ мүфтиінің бас кеңесшісі шейх Мухаммад-Хусайн Алсабековпен, Алматы қаласы «әл Хамит» мешітінің бас имамы Асылхан қажы Аманқұловпен және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс Асаубайұлымен кездесіп, сұхбат жүргізді.

Сондай-ақ, имамдар Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қоры топтамасымен танысып,  Алматы қаласының мешіттерін аралап, өзара тәжірибе алмасты.

Ислам институты басшылығы елтанымдық бағдарлама барысында Алматы қаласының көрікті жерлерінің бірі – Медеу шатқалына  эскурсия ұйымдастырып, имамдардың табиғат аясында серігуін де қарастырды.

Куәлік табыстау салтанатты рәсімінен соң, имамдар Ислам институты ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, еліміздің өркендеп-өсуін тілеп, бата жасады.

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Қазақстан Президенті шейх Заид мешітіне барды

 islam-atyrau.kz/15 наурыз, 2019 жыл.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.

Дереккөз: "Мүфтият.кз"
Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (+ ФОТО)

 

islam-atyrau.kz/15 наурыз, 2019 жыл.  Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Гуманитарлық заң колледжінде жастармен кездесті.

Бас мүфти студенттерге өмірлік мақсатты дәл қою, жаман әдеттен сақ болу, мемлекетшіл патриот тұлға болып қалыптасу, ата-ананы сыйлау, елге қызмет ету, ұстазды құрметтеу, өзгені дінсіздікте айыптамау, қабілетті дамыту, дәстүрлі құндылықтарды жоғары қою, т.б. тақырыптар төңірегінде ақыл-кеңесін айтты.

«Кез келген елдің өзіндік құндылықтары бар. Халық сол құндылықтарды әрдайым жоғары қояды. Біздің халқымыздың құндылықтары – имандылық, ізеттілік, бірлік, толеранттылық, т.б. Сіздер жалындаған жастық шақта көптеген игіліктерге қол жеткізе аласыздар. Жастық – Алланың берген сыйы. Сондықтан, ардақты пайғамбарымыз кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін білуге шақырған. Демек, жас адамның бағындырар белесі көп болмақ. Оқуда озат боп, таңдаған мамандық бойынша елге қызмет ету – адамдық ісі», – деп атап өтті Бас мүфти.

Серікбай Сатыбалдыұлы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж директоры Саят Нұрланұлына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын, ал студенттерге «Тәпсір тұнығы» еңбегін сыйға тартты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер көкейтесті сауалдарына жауап алды.

 

 

 Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...