Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

 

        islam-atyrau.kz/16 наурыз, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен орталық "Иманғали" мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша секторының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке барысында кулинариялық тағам, ыстық тағам түрлері қолжетімді бағада сатылды. Жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне орталық "Иманғали" мешіті жанындағы Сауат ашу курсының шәкірттері атсалысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

Толығырақ ...

Мектеп мұғалімдері мешітте сенбілік өткізді

 

 

 

   islam-atyrau.kz/16 наурыз, 2019 жыл.  Бүгін атыраулық мұғалімдер өнегелі істің үлгісін көрсетті. Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы орта мектептің мұғалімдері орталық "Иманғали" мешітіне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мектеп мұғалімдерінің бастамасымен өткізілген сенбілік аясында мешіт ауласы тазартылып, ағаштардың түбі әктелді.

"Ислам тазалықты сүйетін дін. Мешіт игілігіне атқарылған мұндай жұмыстардың сауабы мол болады" дейді орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев.

 

 

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...