Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам мұқтаж отбасыға пәтер кілтін тапсырды

 islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров Индер ауданына сапар аясында асыраушысынан айрылған мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Баспана кілтін тапсырып тұрып, Бас имам Батыржан қажы Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті.

Осыдан екі ай бұрын Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен Индер аудандық Әйіп қажы мешіті мұқтаж отбасына баспана алу мақсатында қаржы жинай бастаған болатын. Екі ай ішінде тиісті сома жиналып, мешіт жамағатының және Индер халқының қолдауымен мұқтаж отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Жұбайынан айрылған Нұргүл Нұрсейітова бес баланың анасы. "Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровқа, Әйіп қажы Индер аудандық мешітіне, жергілікті жамағатқа, ауылдастарыма Алла разы болсын. Балаларым өз үйіміздің бар екеніне әлі сене алмай, қуанып жүр" дейді көп балалы ана Нұргүл Нұрсейітова.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Бас имам Батыржан Мансұров Индер ауданына сапармен барып, жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл.  Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров Индер ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген сапар аясында Атырау облысының Бас имамы Индер аудандық Әйіп қажы мешітіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен кездесті.

Жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтаған Бас имам Батыржан қажы Берденұлы жамағатты ұлттық салт дәстүрімізді ұлықтаған тамаша көріністің куәсі етті.

Мереке қарсаңында Бас имам екі бірдей сәбиге азан шақырып есім берді. Ата дәстүр жолымен азан шақырылып есім берілген сәбилер Юсуф Есмағамбетов пен Мұрат Ахмад. Сондай ақ, ұстаз Батыржан қажы Берденұлы Аиша есімді кішкене бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ бата берді.

Мерекелік шараның құрметіне Индер аудандық Әйіп қажы мешітінде Наурыз дастарханы жайылды. Ақ дастархан басында Мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD ғылым докторы, Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы садақаның сауабы туралы уағыз айтты.

"Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға бергеніміз абзал. Құран Кәрімде екі жүз жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайы баяндалады. Яғни, Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан" деп түйіндеді сөзін ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Атырау өкілдігінің қайырымдылық мекемесі ізгілік пен руханияттың ордасына айналды

  islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл.   Осыдан біраз уақыт бұрын жұмысын бастаған өкілдіктің қайрымдылық мекемесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың бастамасымен игілікті істердің жаршысына айналды.

  Атырау қаласындағы Балықшы мөлтек ауданының Ашенов көшесі бойында орналасқан қос қабатты ғимарат заманауи талаптарға толықтай жауап береді.

 "Ілім мен ізгіліктің берекелі ордасына айналған қос қабатты ғимаратта екі сынып бөлмесі, намазхана, кітапхана, ұстаздар бөлмесі бар. Үзіліссіз жұмыс істейтін асханада шәкірттерге үш мезгіл қызмет көрсетіледі. Бұл игілікті бастамаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі қолдау көрсетіп отыр" дейді қайырымдылық мекемесінің жетекшісі Өсімхан Тілеуов.

 Бұдан бөлек, қайырымдылық мекеменің жиырма орындық жатақ орны жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталмыш жатақханада әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан жиырма студент жатып оқиды" деп түйіндеді бізбен сұхбатын қайырымдылық мекемесінің жетекшісі Өсімхан Тілеуов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Бас мүфти қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

  islam-atyrau.kz/21-наурыз, 2019 жыл. "Мүфтият.кз" сайты Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін жария етті.

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!

Шуақты көктемнің келгенін білдіретін әз-Наурыз – жоралы жұртымыздың ұлттық мерекесі. Наурыз күндері көрші-қолаң, құда-жекжат, ағайын-туысты аралап, аман-саулық сұрасып, мәре-сәре күй кешеміз. Ер кісілер төс қағыстырып, бір-бірімізге ізгі тілектерімізді айтамыз. Ренжіскендер татуласып, кешірім жолын ұстанады. Өйткені, туысқанды зиярат ету, ренжіскен кісілермен татуласу – күллі пайғамбарлар салған сара жол.

Наурыз – қайырымдылықтың мерекесі. Мейрамда жомарт жандар жетім мен жесірді жабырқап, көмекке мұқтаж жандарды қуанышқа бөлейді. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, ең жақсы адам – айнала-төңірегіне шуағын шашып, пайдасын тигізіп жүретін пенде. Осынау әз-Наурызда ізгілікке үндейтін әрбір амалдың, ұлттық әдет-ғұрыптардың ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы мол.

 

Күллі түркі жұртының төл тойы – Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ынтымаққа ұйыстырып, мейірбандыққа үндеп келеді. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық бергей! Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

 

 

Толығырақ ...

Бас мүфти: Еліміздің әр жетістігінде Елбасының қолтаңбасы жатыр

  islam-atyrau.kz/21 наурыз, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

"Тəуелсіз Қазақстанның əрбір жеткен жетістігінде, бағындырған белесінде Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы жатыр. 100-ден астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына топтастыра білген Елбасының ерен еңбегі тарихта мəңгі қала бермек. Н.Назарбаев тəуелсіздік жылдарында діни сенімі мен ұстанымы бір арнаға тоғыса бермейтін əлемдік дəстүрлі дін көшбасшыларының басын Астанада қосып, дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеді. Елордада əр үш жыл сайын өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі дін лидерлерінің съезі жер жүзіндегі діні мен тілі, ұлты мен ұлысы əртүрлі күллі адамзат баласын бірлік пен бейбітшілікке, ымыра мен ынтымаққа ұйыстырар бірегей игі жобаға айналды. Осылайша, Астана бейбітшіліктің алтын бесігіне айналды.


Нұрсұлтан Əбішұлы əлемге татулық пен достықты, тұрақтылық пен толеранттылықты жақтайтын көшбасшы, тұлға ретінде танылды. Ол кешегі хан-сұлтандарымыздың арманын орындап, жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Мемлекетті басқаруда ұлт бірлігін, дін бірлігін бірінші орынға қойып, достық пен келісімнің үздік үлгісін қалыптастыра білді. Осынау сарабдал саясаттың арқасында біздің елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрды.
Мұсылман қауымының ұлық мейрамы - Құрбан айт демалыс күні болып жарияланды. Мұсылман жамағаты мемлекеттің бұл қамқорлығына әрқашан дəн риза. Біз, Ислам дінінің қызметкерлері мемлекеттің тұтастығы мен игілігі үшін қашан да дұға-тілектеміз.


Асыл дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін жариялаудан бір күн бұрын Астанада Орталық Азия мен ТМД елдері бойынша теңдесі жоқ, бір мезетте 30 мың адам құлшылығын өтей алатын зəулім мешіттің іргетасын қалады. Осы тарихи шарадан кейін Елбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап, дін қызметкерлерімен сұхбаттасты. Мүфтияттың жұмысына сəттілік тілеп, игі бастамаларымызға батасын берді. Бұл - Ұлт лидерінің Ислам діні мен еліміздегі 70 пайыздан астам мұсылман жамағатының қарашаңырағы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жасаған қамқорлығының жарқын көрінісі деп атар едім. Еліміздің, дініміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Елбасына шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Ол кісіге Алла разы болсын!

Елді басқару тізгінін қолға алған Қасым-Жомарт Кемелұлының тарихи жұмысына береке тілейміз.


Алла Тағала ел іргесін берік еткей. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай! Əмин!" - деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Толығырақ ...

Атырауға Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галиб Акын келді

 

islam-atyrau.kz/21-наурыз, 2019 жыл. Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галиб Акын Атырауға келді. Мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкілі, мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұров қарсы алды.
Діни білім беруге байланысты, Түркия мен Қазақстан арасында арнайы меморандумға қол қойылғаны белгілі. Осы ретте, еліміздің әр түкпірінде мешіт, медреселерде Түркиядан шақыртылған ұстаздардың сабақ беріп жатыр.

 

Мәртебелі мейман Галиб Акынды Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен шақыртылған орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Хусейн Кая және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Сарайшыққа алып барды. Қасиетті Сарайшық қаласының тарихымен танысқан Галиб Акын Атырау өлкесінің бай тарихы туралы кеңірек ақпарат алды. Сондай ақ, орталық "Иманғали" мешітіне жамағатпен бірге намазға қатысты.

 

Мәртебелі мейман бүгін Атырау қаласындағы Балықшы елдімекенінде орналасқан медресе - қайырымдылық қорына барып, шәкірттермен жүздеседі деп күтілуде.

 

 

Толығырақ ...