Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

7 сәуір күні Атырауда Құран жарысы өтеді

 islam-atyrau.kz/25 наурыз, 2019 жыл. Бұған дейін хабарланғанындай, сәуірдің 7-сі күні орталық "Иманғали" мешітінде республикалық Құран жарысы байқауына іріктеу туры өтеді.

Құранның отыз, жиырма, он парасын жатқа оқудан және қасиетті Құранды мәнерлеп оқудан ашық конкурсқа ниет білдірушілер қатыса алады. Өтінім қабылдау мерзімі 5 сәуірде тоқтатылады.

Басты талап - үміткер Қазақстан азаматы болуы, жасы 30-дан аспауы қажет. Республикалық және халықаралық конкурстар иегерлерінің бұл конкурсқа қатыса алмайтындығын қаперге береміз. Толығырақ ақпарат: 8701 709 74 74 нөмірінде.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Бас имам Батыржан Мансұров жергілікті телеарнада көрермен сауалдарына жауап берді (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/25 наурыз, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров Атырау қалалық "Caspian news" телеарнасына сұхбат берді.

Телеарнаның "Имам уақыты" бағдарламасына көрермендерден келіп түскен сауалдарға жауап берген ұстаз Батыржан қажы Берденұлы мешітке кіру тәртібі, исламның құндылықтары, жат ағымнан сақтану жолдары хақында әңгімеледі.

"Мәселен, жер бетіндегі ең қасиетті орын - бұл Алланың үйі. Себебі, Алланың үйінде отырып жасалған дұға қабыл болады. Алайда, мешітке келудің өзіндік тәртібін сақтаған абзал. Ең алдымен, мұсылман баласы мешітке дәретпен келуі міндет. Мешітке кірерде дұға жасап, табалдырықтан оң аяғымен аттап, шығарда сол аяғымен шығуы қажет. Құлшылық жасаушы өзгеге кедергі жасамайтындай етіп, әдеп сақтағаны абзал. Дәретпен келіп, дұғада болған адамға сол мұсылман үшін дұға ету үшін екі періште тағайындалады. Ең бастысы, кіршіксіз ниет болуы қажет" деп атап өтті ұстаз Батыржан қажы Берденұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Толығырақ ...

Мұқтаж жанға көмек көрсетілді

islam-atyrau.kz/25 наурыз, 2019 жыл. Мұқтаждарға көмек қолын созу - исламның басты шарттары болып қала береді. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлының бастамасымен, жергілікті тұрғынға қаржылай көмек көрсетілді.

Маруся Куненова әжей тағдырдың тәлкегімен жалғыз қалған ана. "Әжей мешітке көмек сұрап келді. Едәуір сырқаты да бар. Біз әжейге қаржылай көмек апарып тастадық. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен қазақ халқы мұқтаждардың тілегін аяқ асты етпеген. Қайырлы амал жасау - исламның да негізгі шарттарының бірі" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

Толығырақ ...