Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Үйлену оңай, үй болу қиын

 

 

 

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерінің бірінде "Сіздердің ұлдарыңыз ер жетсе, қыздарыңыз бой жетсе, ертерек үйлендіріңіздер, өйткені басқа пайғамбарлардың алдында үмметімнің көптігімен мақтанамын"деген өсиеті бар.

 

Әрине, көбейген, үй болған дұрыс. Десе де, адам баласы отбасын құруға ниеттенген болса, болашақ жарын ұрпағының тәрбиешісі, шаңырақ шырақшысы ретінде таңдап, мәселені толықтай ой елегінен өткізгеннен кейін ғана үйленгені абзал болады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінің бірінде "Үйленетін болсаңыздар, адамның төрт белгісіне қарап үйленіңіз. Бірінші - сұлулығына, екінші - тектілігіне, үшінші - байлығына, төртінші - имандылығына" деген. Алайда, кімде кім иманды жанды таңдаса, қалған үш талап өздігінен толығады.

Отбасы болғаннан соң ақиқатында ыдыс - аяқ сылдырламай тұрмайды. Міне, осындайда баршамыздың өнеге етіп алатын ұстазымыз -Пайғамбарымыз (с.ғ.с) болуы тиіс. Шынында, Айша анамыздан (р.а) сұрағанында: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сіздермен үйдегі кезінде қарым қатынасы қалай еді десе?", Айша (р.а) анамыз: "ол Зат тірі Құран еді" деп жауап қатқан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінде затқа да, өзінің құлына да, әйеліне де қол көтермеген екен. Сол себепті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Сіздердің ең жақсыларыңыз өздерінің әйелдеріне көркем болғандарыңыз, ақиқатында ең көркемдеріңіз мен боламын" деген. Сол үшін әйелдерімізге сыпайылық, жұмсақтық, көркемдік, білдіруіміз керек.

Қазіргі таңда өкінішке орай, дініміз исламды жамылып жүрген кейбір шала сауаттылар өздерінің әйелін ойыншық ретінде немесе нәпсісін қандыратын қуыршақ ретінде пайдаланып жүр.

Ақиқатында, олардың жазасын әлбетте Жаратушы Жаппар иеміз еселеп беретіні ақиқат. Құрметті алты алаштың ұрпақтары, баршамыздың ана деген жаратылыстан дүниеге келгеніміз ақиқат. Аналар болмаса, перзенттеріміз қайдан туатын еді?

Ендеше, аналарымызды, қарындастарымызды, әйелдерімізді, апаларымызды, барынша құрметтеп жүрелік.

Мұхиддин ОМАРОВ,

"Шапағат" деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы.

 

Толығырақ ...

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы неде?

                                     

  islam-atyrau.kz/26 наурыз, 2019 жыл.  Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов Атырау қаласы, Тасқала ауылында өткен Наурыз мерекесіне қатысты.

 

Дін мен дәстүр арасындағы сабақтастық, ауызбіршілік пен қазақ халқының тектілігі туралы уағыз айтқан Мақсот Бағытжанов ел тыныштығы үшін дұға жасады. "Наурыз мерекесі ынтымақтың, бірліктің мерекесі. Себебі, бұл кезеңде адамдар бір-біріне саулық айтып барып, туыстар ақ дастархан басында жиналады. Жақсы тілектер айтылады. Исламның негізгі мақсаты да адамдар арасындағы татулықты, елдегі тыныштықты көздейді" деп атап өтті Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 Айта кетелік, мерекелік шараны Кеңөзек селолық округі, Тасқала ауылдық əкімдігі, жергілікті Балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебі, Тауман Амандосов атындағы орта мектеп ұйымдастырды.

 ***

 Мәулімберген мешіті Амал мерекесін атап өтті. Мешіт жамағатына ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Ақсақалдар бата беріп, бірлікте болудың маңызы жөнінде уағыз айтылды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

  

 

Мәулімберген мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 500 мың теңге көлемінде зекет таратылды

 

islam-atyrau.kz/26 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен, қайырымдылық акциясы өтті.

 

"Зекет" қоры жанынан әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасының әрқайсына 25 мың теңгеден барлығы 500 мың теңге қаражат таратылды.

 

"Зекет беру - исламдағы бес парыздың бірі. Қайырымдылық іске Атыраудың жергілікті азаматы ұйытқы болды. Аты-жөнін атамауды сұраған ол азаматқа Алла разы болсын. Асылында, Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйырған әмірлерінің біреуі, сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына кенелері сөзсіз. Сонымен қатар, 3екет - Тәубе сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардын кешірілуіне себеп. "Олардың малдарын көбейт және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал деген" деп атап өтті Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...