Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ауылдағы көп балалы аналарға бизнес бастау үшін 500 мың теңге беріледі

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

“Отбасылық бизнесті ашып, айналысу үшін еліміздің ауылдарында тұратын көпбалалы аналарға мемлекеттік гранттар бөлінеді. Жаңа кәсіпкерлік үшін 500 мың теңге көлемінде қайтарылмайтын қаржы беріледі.

Бердібек Сапарбаев
Фото – 365Info

Микрокредиттеу аясында 2019 жылға белгіленген 14 мың микрокредиттің 5 мыңы жаңа кәсіп бастау үшін ауылда тұратын көп балалы аналар мен мүгедектерге беріледі”, – деді министр.

Сондай-ақ, ауылдық көпбалалылар қажетті мамандықтар бойынша бизнес-курстардан білім алатынын жеткізді. Аналарға үйде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік қарастырылады.

Фото – Казинформ

Министрдің сөзінше, аналар киім тігу мен нан пісіру сияқты жұмыстармен айналысу арқылы ресми қызмет атқарғандай дәрежеде болады.

Дереккөз: nur.kz

 

Толығырақ ...