Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бүгін орталық "Иманғали" мешітінде сенбілік өтті

islam-atyrau.kz/30 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының бас мешіті жанындағы жастардың ұйымдастыруымен өткен сенбілік барысында мешіт ауласына толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді. Ағаштар әктеліп, түптері қопсытылды.

 «Мешіт тазалау амалының қаншалықты сауап екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мешітті тазалап жүрген Үммүлмиxжан (р.а) деген әйелдің мәртебесі туралы айтқан xадисінен білеміз. Ол қара нәсілді әйел үнемі мешітті тазалап жүретін. Бір күні қайтыс болғанда, саxабалар Пайғамбарымызды (с.ғ.с) мазаламай, өздері жаназасын шығарып, жерлеп қойған еді. Ертеңгі күні ол әйел жайында Расулалла (с.ғ.с) білгенде: «Маған қабірін көрсетіңіздер», – деп, барып сыртынан жаназасын оқыған және осы арқылы мешітті тазалаудың қадірін білдірген" деді орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСҚОСУДА БІРНЕШЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

    islam-atyrau.kz/30 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз кеше Мəскеу қаласында басталған "Ислам - мейірімділік пен бейбітшілік жаршысы" атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция аясында бірнеше кездесулер өткізді.
Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Дүниежүзі Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдул Кəрім Исамен, Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, əл-Харам мешітінің имамы, шейх Салих ибн Хумайдпен, Шешенстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, мүфти, шараны ұйымдастырушылардың бірі Салах қажы Межиевпен, Египет Араб Республикасының мүфтиі, шейх Шауқи Ибрахиммен, т.б. дін қайраткерлерімен кездесіп, мұсылман үмбетінің бірлігі мен өзара бауырмашылдығы жайлы сұхбаттасты.
Бас мүфти кездесу соңында жергілікті республикалық телеарналарға сұхбат берді.
Айта кетейік, Дүниежүзі Ислам Лигасы мен Шешенстан Республикасының бірігіп ұйымдастырған халықаралық шарада бүгінгі мұсылман үмбетінің бірлігі, дінаралық диалог пен өзара келісімнің келешегі, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейрімділікке негізделген жолы, т.б. мәселелер төңірегінде мазмұнды баяндамалар жасалуда.

 

Толығырақ ...