Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық "Иманғали" мешіті жанынан құралған команда волейболдан ашық турнирге қатысты

islam-atyrau.kz/31 наурыз, 2019 жыл.

Атырауда волейбол саласының ардагері Назаров Бисенбай Айтқалиұлын еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті. Барлығы он екі команда бақ сынасқан турнирге орталық "Иманғали" мешітінің жамағаттарынан құралған команда да қатысты.

Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Ашық турнирдің ашылуы кезінде Бас имам адам баласы жақсы іс істесе, кейінгілер оны жалғастырса, ол шариғатымызда құпталған іс екендігін атап өтті.

 

"Кезінде халықаралық деңгейде ойын көрсеткен Бисенбай Айтқалиұлы волейбол саласының тәлімгер ұстазы. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадис бар. "Адам баласы екі нәрседе алданып қалады. Екі нәрседе қаперінен шығарып алады. Біріншісі, бос уақыт. Уақытты тиімді пайдалана алмайды, уақыттан ұтылғаннан кейін, ол құрдымға ұшырайды. Екіншісі, ол өзінің денсаулығы. Денсаулықтың кепілі ол спорт. Денсаулығымызды спортпен ұстап тұру - ол құпталатын іс" деді Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

Волейбол ойыны аясында қатысушы командаларға Атырау облысының бас мешіті атынан арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетелік, ашық турнир барысында орталық "Иманғали" мешіті жанынан ойын көрсеткен команда финалдық кезеңге жолдама алды.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...