Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

МӘУЛІМБЕРГЕН МЕШІТІНІҢ АСХАНАСЫ ЖАБДЫҚТАЛДЫ

    islam-atyrau.kz/7 наурыз, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің асханасы қайта жабдықталды.

     Мешіт асханасына керекті жабдықтар мен асхана жиһазы жергілікті жамағаттың қаржылай қолдауы арқылы орнатылды. «Осылайша, біздің мешітіміз жамағатпен бірлесіп, алдағы Рамазан айына алғашқы дайындық жұмысын бастап кетті. Игілікті іске жұмылғандарға  Алла разы болсын» дейді «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

    «Мәулімберген» мешітінің баспасөз – қызметі.

Толығырақ ...