Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Жақсылықта жарысайық» акциясы аясында 40 отбасыға 1100 кг болатын азық-түлік таратылды

islam-atyrau.kz/10 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт осыдан біраз бұрын «Жақсылықта жарысайық» акциясын іске қосқан болатын.

«Аталмыш акция аясында бір ғана наурыз айының ішінде, 1100 кг болатын азық-түлік 40 отбасыға таратылды. Бұл акция арқылы біз негізінен мешіт есебінде мұқтаж отбасы ретінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарды, көп балалы, жалғыз басты, жетім өскен бауырларымызды қамқорлап отырмыз» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

Айта кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат, ағарту салаларымен бірге, қайырымдылық бағытын да негізгі жұмыс барысы ретінде ұстанып келеді. Мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау өкілдігінде қайырымдылық акциялары түрлі форматта тұрақты  ұйымдастырылып келеді. Бұдан бөлек, «Зекет» қоры тарапынан да мұқтаж жандарға қаржылай көмек үлестіру  дәстүрге айналған.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...