Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар саясатына қатысты жайттар талқыланған секциялық отырыстар басталды (ФОТО)

islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Елорда төрінде Еуразия кеңістігіндегі елдердің дін ғұламаларының басын қосқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері»  атты IV Халықаралық діни-ғылыми конференция аясында шетелдік дінбасшыларының қатысуымен секциялық отырыстар өз жұмысын бастады.

Жас ұрпақты деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтандырып, дұрыс діни ақпаратпен қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өтіп жатқан айтулы басқосудың алғашқы отырысы «Мұсылмандар діни басқармасындағы жастар саясаты: теория және практика» тақырыбына арналып, шетелдік және еліміздің көрнекті дін ғалымдарының  тұшымды баяндамаларымен толыға түсті. Көршілес мемлекеттердің дін қайраткерлерінің күшін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынып, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған 1-секция отырысында түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

ҚМДБ Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров және Финляндия Ислам ұйымының имам-хатыбы Рамиль Белявтың модераторлығымен өткен секциялық отырыс аясында көршілес елдердің жастар саясатына қатысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ ынтымастыққа үлес қоса түсті.  Отырыс барысында Халықаралық конференция жұмысына арнайы шақырылған Қырғызстан Президенті жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі, «Дін, құқық және саясат» талдамалық орталығының директоры Маликов Кадыр, Мәскеу қаласының мүфтиі Ильдар Аляудинов, Ташкент ислам университетінің ректоры Гафуров Уйгун, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор Мұхаммед Шахат әл-Жинди, «Қазақстан дінтанушылар сьезі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сатершинов Бақытжан, Ислам мәдениетін, ғылым мен білім беруді қолдау қорының  үйлестіру орталығының жетекші сарапшысы Албогачиев Магомед-башир және «Яссауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Досай Кенжетай мазмұнды баяндамалар жасап, алқалы жиынның салмағын арттыра түсті.

Көршілес елдердің дін ғұламалары түгел бас қосқан Халықаралық конференция жұмысы аясында бұдан бөлек екі секциялық отырыс өтіп, жастар тақырыбына қатысты күрделі жайттар талқылана түсетін болады.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Жібек жолы елдерінің «Дін және өркениет» жобасын қолға алуы маңызды - Серікбай қажы Ораз

 islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алу маңызды.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан  "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер" тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихынан тағлым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама таришы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді. Бұл жұмысты жүйелі жүзеге асыру үшін Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алудың маңызы үлкен. Аталған жобалар мен ұсыныстарды талқылау үшін арнайы бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын», - деді Серікбай қажы Ораз.

Оның атап өтуінше, Ұлы Жібек жолының  көп бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде орналасуы халқымыздың мәдениетін, рухани мұрасын байыта түсті. Қазақ топтырағында жазу, сәулет, қол өнерінің дамуына оң әсерін тигізді.

«Осынау оң үдеріс байырғы бабаларымыздың интеллектуалды өміріне өзгеріс әкелді. Алысты жақын етіп, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстырған сауда жолының бойында тарихи мешіттер мен кесенелер бой көтерді. Отырықшылық мәдениет қалыптасты. Осы кезеңде пайда болған Отырар, қазіргі Түркістан, Сауран, Сайрам, Тараз сынды қалалар тек сауда жолы болып қалмастан дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты», - деді еліміздің Бас мүфтиі.

Айта кетейік, конференция барысында ҚМДБ төрағасы Ұлы Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынған болатын.  

 

Толығырақ ...

ЕЛОРДАДА «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» ФОРУМЫ ӨТУДЕ (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл.  Бүгін Елордада, ҚМДБ ғимаратында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "2019 - Жастар жылы" деп жариялаған игі бастамасына орай "Жастар жəне руханият" атты республикалық форум өтуде. 
 
Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин, ҚР Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, жастар ұйымдарының жетекшілері, медресе шәкірттері қатысуда.
 
Сонымен қатар, форумда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Ресей қоғам қайраткері, РФ Қоғамдық палатасының мүшесі, «Салауатты Ресей» федеральді жобаның жетекшісі Сұлтан Хамзаев жастарға тағылымды дəріс оқыды.
 
Форумның жұмыс тәртібінде жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар бойынша тәжірибе алмасулар, жас буынның әлеуетін арттыру, жастар арасында діни экстремизм мен радикализмның алдын алудың тәжірибелік механизмдерін қалыптастыру, т.б. мәселелер талқыланды.
 
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин жастарды жақсылыққа үндеп, ел игілігі жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөз: "Мүфтият.кз"
Толығырақ ...

Бас мүфти Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынды (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынды.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Біз өткеннен өнеге алған халықпыз. Осы ретте әріптестеріме Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынамын. Рухани карта өскелең ұрпақтың тарих пен руханият саласына қатысты сұрақтарына жауап беретін бейнебір бағдаршам, шамшырақ болуы тиіс. Тарихынан тағылым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама тарихшы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді», – деп атап өтті өз баяндамасында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз,  Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны 300 делегат қатысуда.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Министр: жастар санасына мықты иммунитет қалыптастыру маңызды

 islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен басталған «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.  

«Радикализмге адамдар қандай себеп бойынша бұрылып кететінін анықтау қажет. Оған жекелеген адамдарды гуманистік, интеллектуалдық, мәдени жағдайлар да итермелеуі мүмкін. Сондықтан да заманауи зайырлы мемлекеттің дін өкілдері аймақтардағы дәстүрге мән беріп, мәдени бағыттағы, ғылым мен білім саласындағы артықшылықтарды ескеруі тиіс деп ойлаймын.
Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды», – деді Дәурен Әскербекұлы.

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

 

 

Толығырақ ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА 300 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСУДА

 islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.

Конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз,  Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны 300 делегат қатысуда.

2019 – Жастар жылы аясында өтіп жатқан конференция мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында Еуразия және Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту, т.б.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

 

 

 

Толығырақ ...

Нұр-Мүбарак университеті: Жасампаз жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші

  islam-atyrau.kz/11 сәуір, 2019 жыл. Жастар билік орындарына иек артпай, мемлекет дамуында қолқанатына айналуы тиіс! Бұл жайлы бүгін Нұр-Мүбарак университетінде өткен «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жан-жақты талқыланды.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған алқалы жиын Қазақ және Мысыр елдерінің әнұранымен, қасиетті Құранмен басталды. Модератор, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған лауазымды тұлғалар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Мысыр, Өзбекстан, Қырғыз елдерінің ислам ғалымдарынан тұратын құрметті қонақтар құрамымен таныстырып, вице-министр Марат Әзілхановқа беташар сөз берді:

"Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті – жас оқу ордасы болса да еліміздің дамуында  ерекше маңызды орын алып үлгерді. Жастардың тек мемлекетіміз үшін ғана емес, дін саласында да орны ерекше. Сондықтан тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері бойынша дін мамандарын даярлайтын бірегей ислами оқу ордасына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жалғаса береді. Қоғамдағы көп түйткілдер, шиеленіскен сауалдар білімсіздіктен туындап отыр. Сондай теріс діни үгіт-насихаттың құрбанына айналып, Сирияға асып кеткен отандастарымыздың 300-дейі дәл қазір елге қайтуға асығуда. Елге оралған соң олардың ой-санасын қалыпқа келтіру, қоғамға қайта бейімдеу қажырлы еңбекті талап етеді. Осы орайда біз Нұр-Мүбарак университетінің ғалым-ұстаздары, түлектеріне, теолог мамандарға, исламтану білгірлерінің көмегіне иек артамыз", — деді Марат Алмасұлы.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият. кз"

Толығырақ ...