Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау «темекісіз бір күн» эстафетасын жолдады (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/17 сәуір, 2019 жыл. «Бір күніңді шылымсыз өткіз!» Осындай атаумен Атырауда ерекше акция басталды.

Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бастамасымен іске қосылған акция шылым шегетін азаматтарды бір күнін салауатты өмір салтымен өткізуге шақырады.

Акция аясында қала көшесін аралаған Сұлтан Бейбарыс мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бастаған топ шылым шегіп тұрған азаматтармен сұхбат құрып, оларды бір күнін темекісіз өткізуге шақырды.

Ерекшелік сол, акция кезінде азаматтарға темекіні өз еркімен қоқысқа тастау немесе сол темекіні ақысына тапсыру ұсынылды. Акция кезінде бір сағаттың ішінде  жиырма қорап темекі жиналды.

«Қасиетті Құрандағы «Мәида» сүресінде темекі шегу, арақ ішудің шайтанның лас істерінен екендігі айтылады. Темекі мен араққа тыйым салынған хадистер де көп. Денсаулық адамға берілген ең үлкен нығметтердің бірі. Сау кезімізде саулығымыздың қадірін білейік. Зиянды іске жұмсаған қаржыны балаларымызға немесе садақаға арнаған абзалырақ» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамы Нұрлан Жарқынбаев.

Осылайша, Атырау қазақстандықтарға темекісіз бір күн эстафетасын жолдап отыр.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚ - ӨЗБЕК БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫСЫ БЕКИДІ (ФОТО)

islam-atyrau.kz/17 сәуір, 2019 жыл. Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Өзбекстан Республикасының мүфтиі Усмонхан Алимов бастаған делегацияны қабылдады.

 

Екіжақты кездесуде бауырластық елдердің руханият саласындағы бауырластық байланысы сөз болды. Өз кезегінде Өзбекстан мүфтиі Усмонхан Алимов Елордада өткен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы жайлы жылы пікірін білдіріп, халықаралық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Рухани Жібек жолы» конференциясының кезекті циклын Өзбекстанда өткізу туралы ұсынысын жеткізіп, Серікбай қажы Оразды осы игі шараның мәртебелі мейманы болуға шақырды.

Бауырлас елдердің мүфтилері Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында қабылданған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобалар жайлы әңгімелесті.


Басқосу соңында Усмонхан Алимов Серікбай Сатыбалдыұлын, мүфтият ұжымын жаңа ғимаратқа қоныс аударуымен құттықтап, ізгі тілегі мен ниетін жеткізді.

 

 

 

 Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫ: Оразаны бір күнде бастаймыз (ФОТО)

 islam-atyrau.kz/17 сәуір, 2019 жыл. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің пәтуа бөлімдерінің басшылары мен мамандары бас қосты. 

Алқалы жиында 2019 жылдағы рамазан айының басталу және аяқталу күндерін белгілеу мәселелері талқыланды, сондай-ақ зекет, пітір садақасы және підия мөлшерлерін анықтау жөнінде пікір алмасты.

Сөз кезегін алған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов мұсылман күнтізбесін жүйелеу мәселесінің аса қажеттілігін атап өтіп, бұл жайында қонақтармен өзінің тың ойларымен бөлісті.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы А. Кадырбердиев жаңа айды белгілеу жөнінде жүргізген зерттеу жұмыстарын баяндап берді. Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы Пәтуа бөлімінің басшысы Х. Ишматбеков мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, жиі кездесіп тұруды ұсынды.

Кездесу соңында пәтуа бөлімінің басшылары биылғы рамазан айын бір күнде бастауға сөз байласты.


Бұл бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

Құптан намазы алдында мешіттерде қандай уағыздар айтылуда?

islam-atyrau.kz/17 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен кестесіне сай, Атыраудағы барлық мешіттерде Құптан намазының алдында  дәрістер үздіксіз жүргізілуде.

Мәселен, Атырау қаласында орналасқан «Сұлтан Бейбарыс»  мешітінде аталмыш мешіттің бас имамы Ержан Қағазғалиев пен мешіт ұстазы Нұрлан Жарқымбаев жамағатқа түрлі тақырыптарда уағыз жүргізіп келеді.

«Мешітте  «Фиқһ», «Тәпсір», «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі» жөнінде сабақтар тұрақты өтуде. Мұндай дәрістердің адамға берер рухани тәлімі мол.   Мәселен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) адамдардың ең сабырлысы, әділі әрі данасы болған. Ол адамдар арасындағы ең қарапайымы болған және де ешқашан ешкімнің көзіне тура қарамаған.  Ол құлдың да, еркін адамның да сөзіне жауап берген, бір кесе сүт болса да сыйлықты қабыл алатын да, сол үшін сый беретін.  Ол Раббысы үшін ашуланатын, алайда өзі үшін ешқашан ашуланбаған.  Ол қонаққа баратын, ауруды зиярат ететін және жаназаға қатысатын.  Ол ең байсалды әрі қарапайым, жылы сөзді, сырт келбеті ең тартымды адам еді. Егер, әр мұсылман қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір жолын өзіне үлгі ететін болса, әлемде соғыс, қатыгездік мәселесі мүлде болмас еді» деді  «Сұлтан Бейбарыс»  мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешіті «Аяттан амалға» қайырымдылық жобасын іске қосты (+ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/17 сәуір, 2019 жыл. «Аяттан амалға».  Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевтың бастамасымен осындай ерекше жоба бастау алды.

Жоба аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті  тұрақты түрде таратылып отыратын болады. «Егер мал-дүниені Алла разылығы жолында және қайырымдылық мақсатында жұмсайтын болсаңыз, Алла ол садақаны еселеп қайтарады. Өйткені, Алла ризық беруші. Біз бұл акция арқылы барша атыраулықтарды ізгілік жолында бірігуге шақырамыз» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

Жоба басталған күні көп балалы, мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен сегіз отбасына азық-түлік үлестірілді.

Айта кету керек, ізгілік акциясына белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев атсалысып, атыраулықтарды жақсылықта жарысуға шақырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...