Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда азаншылар конкурсы өтеді

islam-atyrau.kz/18 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкеде азаншылар сайысы өтеді.

"Әсем әуезді азаншы" конкурсы мешіт жамағаттары арасында жарияланып отыр. Жарыстың басты талабы - азанды тәжуид ережелеріне сай шақыру, азанның соңында оқылатын дұғаны айту және азанды әдемі мақаммен оқу.

Жүлде қоры - 1 миллион 500 мың теңге. Бірінші орын алған жеңімпазға 500 мың теңге (Умраға жолдама) беріледі. Екінші және үшінші орын алған азаншылар 300 мың теңге және 200 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Ынталандыру бес қатысушыға беріледі. Бұл жердегі сыйақы көлемі 100 мың теңге.

Сайыс 2 і мамыр күні таңғы сағат 9-да орталық "Иманғали" мешітінің ғимаратында өтеді. Басты талап сол, сайысқа қатысам деуші үміткерлер өзінің кандидатурасын 30 сәуірге дейін тіркеп үлгеруі қажет. Барша жамағатты бәйгеге белсенділікпен қатысуға шақырамыз.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...