Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Батыржан Мансұров қасиетті Бараат түнімен құттықтады

islam-atyrau.kz/19 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров атыраулықтарды қасиетті Ләйләту Әл- Бараат түнімен құттықтады.

«Хижра жыл санауы бойынша Шағбан айының ортасында бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті Ләйләту Әл - Бараат түнін күтеді. 2019 жылы ол 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түнге келеді. Бұл ерекше күн, өйткені дәл Бараат түні Жаратушы Алла Тағала пенделерінің дұғаларын қабыл етеді. Яғни, Алла Тағала шынайы иман келтіріп, ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл ала отырып, күнәларын кешіреді және марапаттайды.

Араб тілінен аударылғанда «Бараат» сөзінің мағынасы «тазарту», «арылу» дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұл түнді "дұға жасау, жауап алу, үлестіру, рақымшылық алу" түні деп те атайды. «ЛәйләтуӘл-Бараат» – бұл Жаратқанның зор мейірімі мен күнәдан тазарту түні.

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) «Бұл түнде Алла Тағала құлдарының ниетіне қарай күнәсына өкінгендердің күнәсін кешіреді, тәубесін қабыл алады. Тек пұтқа табынатындар мен ағайынмен қарым-қатынасын бұзғандардың дұғасын қабыл алмайды» деген.

Қасиетті түнді Құран оқып, дұға жасап өткізген жөн. Сонымен бірге, марқұмдарды еске алып және Алла Тағаладан олардың күнәларын кешіруін тілеп, олар үшін рақымшылық сұрау керек. Ата-ананы қадірлеп, үлкендерге құрмет көрсетіп, балаларға қасиетті Әл - Бараат түнінің маңыздылығын түсіндірген абзал. Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етсін» делінген құттықтауда.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ АРТАДЫ

 islam-atyrau.kz/19 сәуір, 2019 жыл. Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қырғызстан Республикасының мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушев бастаған делегациямен кездесті.

Ресми кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы байланысы, Қазақстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармалары арасында қабылданған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып жатқан игі жұмыстар барысы талқыланды. Сонымен қатар, қос елдің мүфтилері ортақ діни мәселелер бойынша пәтуалар қабылдаудың маңыздылығы мен діни мерекелерді бір күнде атап өтудің өзектілігі жөнінде пікір алысты.

«Халқымызда: «Қазақ-қырғыз бір туған», – деген аталы сөз бар. Қырғызстан – бізге ең жақын бауырлас ел әрі Құдай қосқан көршіміз. Біздің ұстанатын мәзһабымыз да бір. Сондықтан екі елдің руханият саласындағы әріптестік, бауырластық байланысын арттыруға күш салуымыз қажет», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Мүфтияттың жаңа ғимаратын аралап көрген Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев ҚМДБ қызметіне береке мен жақсылық тілеп, дұға жасады.

 

 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

МАРАТ ЖАППАСБАЕВ – МЕШІТ ІСТЕРІ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

islam-atyrau.kz/19 сәуір, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы 2019 жылдың 16 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Мешіт істері бөліміне меңгеруші болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Мүфтият ұжымы Марат Абдуллаұлының жаңа қызметіне береке тілейді.

 

Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы

1986 жылы туған.

Білімі:

2005 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепті тәмамдаған;

2009 жылы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін Исламтану мамандығы бойынша аяқтады;

Астана қаласындағы «Қаржы» академиясының «Қаржы» мамандығы бойынша магистранты ғылыми дәрежесін иемденді;

2009 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дін істері бөлімінің референті қызметіне тағайындалды;

2010 жылы Діни оқу-ағарту бөлімінің маманы болып бекітілді;

2019 жылдың ақпан айынан бастап Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды;

2019 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.  

Отбасылы, 2 ұлы бар.

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

ЖӘНДІЛЛӘ БЕКЖІГІТОВ – ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

  islam-atyrau.kz/19 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы Қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы 2019 жылдың 16 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Қажылық бөліміне меңгеруші болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Мүфтият ұжымы Жәнділлә Мамытханұлының жаңа қызметіне береке тілейді.

 

Жәнділлә Мамытханұлы Бекжігітов 

1982 жылы туған.

Білімі мен біліктілігі:

1989-2000 жылдары Құсшы ата елді мекенінде орналасқан «М.Қазыбеков» атындағы орта мектепті бітірген.

2001 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Академиясына түскен, онда 2004 жылға дейін оқып, сол жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетіне ауысып, осы оқу орнын 2006 жылы; филолог, жоғары мектептің араб және ағылшын тілдері мен әдебиетінің оқытушысы деген мамандықпен бітіріп шыққан.

2009-2011 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

2006 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мешіт істері және қажылық бөлімінің референті болып жұмысқа алынады.

2010, 2012 жылдары Мешіт істері бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2014 жылы қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.

2019 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Отбасылы, 2 ұл, 2 қызы бар. 

 

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...

ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯҒА «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

 islam-atyrau.kz/19 сәуір, 2019 жыл.

 Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС барлығы 30 компанияны сертификаттап, 7 компанияның қызметін тоқтатты.  Қазіргі таңда барлығы 282 компания «Халал Даму» ЖШС-ң бақылауында.

Өңірлік өкілдердің аймақтарда жүргізген оқу-семинары нәтежиесінде 17 қасапшы шариғат әрі халал стандартқа сәйкес  мал сою талаптарын үйреніп,  «ҚМДБ халал қасапшысы» куәлігі мен сертификатына, жеке мөрге ие болды.

Соңғы үш айда «Ұлттық экспертиза орталығының» 14 өңірлік және екі қалалық мекемесінен, «Treegene» молекула-генетикалық зертханасынан барлығы 29 өнім лабораториялық тексерістен өтті.

Әр айдың соңында өңірлік жауапты бақылаушы-инспекторлардың қатысуымен «айлық тексеріс жұмыстары» жүргізіліп, тексеріс нәтежиелері «Халал Даму» ЖШС-на тиесілі әлеуметтік желілерде тұтынушылар назарына ұсынылып отырды.

«ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланған 5 мекемеге қатаң ескерту шаралары  қолданылды.

Сонымен қатар, Монғолия мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Батырбек Хадыс мырзаның қатысуымен «Халал Даму»  ЖШС арасында «Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға»  қол қойылды.

Жыл басында мұсылмандардың қара шаңырағы ҚМДБ-ның бас ғимаратында «Халал Даму» ЖШС-ның штаттық қызметкерлерінің және өңірлік өкілдерінің қатысумен жылдық қорытынды жиын өтті. Үздік қызметкерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хатына ие болды.

Халықтың «халал және харам» жөнінде сауатын арттыру мақсатында еліміздегі түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, танымдық-насихат шаралары белсенді түрде орындалып жатыр.

Дереккөз: "Мүфтият.кз"

Толығырақ ...