Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Актер Фархат Аманқұлов Сұлтан Бейбарыс мешітіне келді

 

islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.

 

Әйгілі Сұлтан Бейбарыс фильмінде жас Бейбарысты сомдаған актер, ҚРЕңбек сіңірген жаттықтырушысы Фархат Аманқұлов Атырауқаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітіне арнайы қонақ болып келді.

 

Мәртебелі мейманды Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиевқұрметпен қарсы алды. Меймандарды мешіт тынысымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

 

Еркін форматта өткен жүздесу соңында Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев актер, ҚРЕңбек сіңірген жаттықтырушысы Фархат Аманқұловқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты кітапты сыйға тартты.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

Толығырақ ...

Сағыз жастарымен жүздесу: жамағатпен бірге болудың мәні неде?

islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.

 

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Сағыз ауылының жастарымен кездесті.

 

Жергілікті мешітте болған кездесуде ұстаз Ардақ Жұмабекұлы жастарды түрлі фитнаға ермеуге, жамағатпен бірге болуға үндеді. "Алла Тағала: "Түп-түгел Алланың жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер" деген. Осы аятты ғалым сахаба Абдулла ибн Масғұд (р.а): "Уа, халайық, сендерге басшыға бой ұсыну және көпшілікпен болу міндетті. Расында, бұл Алла Тағаладан әмір етілген Алланың жібі" деп түсіндірген. Демек, бірлікте болу Құран арқылы берілген әмір" деп атап өтті ұстаз Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Ұстаз Ардақ Жұмабекұлы: "Ислам - ынтымақтың діні"

islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.

 

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы аудан жастарымен кездесті.

 

Кездесу барысында ұстаз ауызбіршіліктің маңызы, жақсылық жасау тақырыптарына кеңінен тоқталды.

 

Жиырма беске жуық жас қатысқан кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты. "Ислам" арабтың "бейбіт", "ынтымақ" деген сөзінен шығады. Ислам негізі екі шариғи көзге, яғни Құран мен Сүннетке сүйенеді. Осы шариғи көздердің мазмұндарында исламның басқа діндерге қатысты толеранттылығын көптеген мысалдармен үгіттейді. Басқаларға қатысты әділеттілік таныту - исламның негізгі қағидасы" деп нақтылады ұстаз өз уағызында.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

РАНТ мүшесі Ардақ Жұмабекұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды

  islam-atyrau.kz/21 сәуір, 2019 жыл.

Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ұстаз Ардақ Жұмабекұлы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында болып, жергілікті орталық мешіттің жамағатымен жүздесті.

"Күндердің ең ұлығы жұма. "Жұма"сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттерде жиналады. Шындығында, жұма күні Алла Тағала адамзаттың атасы Адамды (ғ.с) жаратты. Жұма күні Адам (ғ.с) жұмаққа кірді. Осы күні Адам (ғ.с) жұмақтан шығарылып, жерге түсірілді. Қиямет күні де жұмаға сәйкес келеді деген дерек бар. Бұл күні мұсылмандар үшін ең ұлы қуаныш - олар Алла Тағаламен қауышады" деді жұма күнінің ерекшелігі турасында уағыз айтқан ұстаз Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...